Басты бет - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-3 - Отандық әртүрлі жаздық және күздік бидай сұрыптарының физика-химиялық қасиеттерін зерттеу
Отандық әртүрлі жаздық және күздік бидай сұрыптарының физика-химиялық қасиеттерін зерттеу
https://doi.org/10.55956/DKFW7609
Аңдатпа. Бұл мақалада еліміздің дамуы барысында бірнеше жылдар бойына жеткілікті тұқым қорын жасауға мүмкіндік беретін күздік және жаздық бидайдың тұқымдық сорттары қарастырылған. Технологиялық әлеуеті жоғары бұл жаңа сорттар өңделген өнімдердің кеңінен қолданылуына байланысты барлық өңірлерде сұранысқа ие. Оларға Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің ұн тарту, жарма, нан пісіру, макарон және кондитерлік өнеркәсіптері жатады. Күздік және жаздық бидай сорттарын тиімді пайдалану бидайдың перспективті сорттарының физика-химиялық қасиеттерін жан-жақты зерттеуді қажет етеді, оның ішінде: жаздық жұмсақ бидай сорттары – Казахстанская 10, Алмекен, Казахстанская раннеспелая, Егемен, Мереке; күздік жұмсақ бидай сорттары – Сапалы, Стекловидная 24, Богарная 56, Степная 75, Алмакен. Зерттеу барысында бидайдың келесі физика-химиялық көрсеткіштері анықталды: ылғалдылығы, дәнді қоспасы, натурасы, жалпы шынылығы, ақуызы, желімшенің мөлшері мен сапасы және күлділігі. Сондай-ақ ұнның келесі көрсеткіштері де зерттелді: ылғалдылығы, қышқылдығы, құлау саны, желімшенің мөлшері мен сапасы, күлділігі. Жұмсақ жаздық бидай сұрыптарының ішінен құлау саны 500 секундтан жоғары, желімшенің мөлшері 32% жоғары болатын сұрыптары анықталды: Алмекен, Казахстанская раннеспелая, Мереке және жұмсақ күздік бидай сұрыптары: Стекловидная 24, Богарная 56 және Алмакен. Бұл топтың сұрыптары жоғары класты бидай партиясының негізін құрайды.
Тірек сөздер: күздік бидай сұрыптары, жаздық бидай сұрыптары, физикахимиялық көрсеткіштер, технологиялық сапасы, ұн.
Рахымбаева, М.Н. Отандық әртүрлі жаздық және күздік бидай сұрыптарының физика-химиялық қасиеттерін зерттеу [Мәтін] / М.Н. Рахымбаева, А.И. Изтаев, Т.К. Кулажанов, М.А. Якияева, Э.Б. Аскарбеков, М.Д. Кенжеходжаев // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №3(85). – Б.84-93. https://doi.org/10.55956/DKFW7609