Басты бет - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2024-4 - Сырдария өзенінің зоопланктонының қазіргі жағдайы және биоалуантүрлілігі

Сырдария өзенінің зоопланктонының қазіргі жағдайы және биоалуантүрлілігі

Автор: М.Б.Үсенова
Бет 115-122

https://doi.org/10.55956/DSHQ8854

Аңдатпа. Бұл мақалада Сырдария өзенінің Қызылорда және Түркістан облыстары аумағындағы зоопланктон қауымдастығының түрлік құрылымы мен сандық сипаттамалары қарастырылады. 2023 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша зоопланктон құрамында 34 омыртқасыз жануарлар түрі анықталды, оның ішінде: коловраткалар (Rotifera) – 15 түр, бұтақмұрттылар (Cladocera) – 9 түр және ескекаяқты шаянтәрізділер (Copepoda) – 8 түр. Негізгі топтардан басқа, сынамаларда қосжақтаулы моллюскалар мен хирономидтердің дернәсілдері табылды. Зерттеу барысында судың температурасы кезеңдік тұрғыдан +21,5 градустан +16,3 градусқа дейін өзгеріп отырды. Көктемгі және күзгі зерттеу кезеңдерінде зоопланктондық омыртқасыздардың жиі кездесетін түрлері анықталды. Күзде су температурасының төмендеуіне байланысты жылыны сүйетін түрлердің таралуына кері әсерін тигізіп, организмдердің сандық көрсеткіштері көктеммен салыстырғанда азайды. Көктемде сандық көрсеткіштер бойынша жетекші рөл ескекаяқты шаянтәрізділерге тиесілі болды, мұның себебі Cyclops vicinus ірі шаяндарының дамуымен байланысты. Ал күзде сандық көрсеткіштерде артықшылық Daphnia longispina және D. galeata шаяндары басым болған бұтақмұрттыларға тиесілі болды.

Тірек сөздер: зоопланктон, таксон, түр құрамы, саны, биомасса, биоалуантүрлілік.

(PDF)