Урбанистік әдебиет және оның зерттелуі

Автор: Ж.М. Искакова1, Л.М. Демесинова2

1,2Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, Астана қ. Қазақстан
Бет 18-25

https://doi.org/10.55956/RSTM2329

Аңдатпа. Қазақ әдебиеттануында қала мен дала образдары жекелей ғылыми мақалаларда осы уақытқа дейін зерттеліп келгенімен, қала образы салыстырмалы түрде соңғы онжылдықта ғана зерделене басталды. Өйткені қазақ прозасы да, поэзиясыда жаңа ғасырға дейін қалалық өмірден гөрі ауылдық өмірді суреттегені белгілі және оның өзіндік бірнеше себептері бар. Қала жекелей образ ретінде немесе урбанистік әдебиет әдебиеттің жеке бағыты ретінде әлі де түбегейлі зерттеуді талап етеді. Зерттеу мақаласында қазақ әдебиеттануындағы урбанистік әдебиетті зерттеудің алғышарты ретінде шетелдік ғалымдардың осы бағытта жасаған тұжырымдамалары мен зерттеулері қарастырылды. Салыстырмалы зерттеу әдісі негізінде қалалық мәтін мен қала образдары туралы жасалған ізденістер басшылыққа алынды. Атап айтар болсақ, Р.Барт, Н.Шмидт, Ю.Маринина және басқа да ғалымдардың еңбектері негізінде тың тұжырымдар жасалды.

Тірек сөздер: урбанизация, көркем мәтін, қалалық мәтін, қала бейнесі.

(PDF)