Басты бет - Жаңа номер - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-4 - Түйе сүтінен ұлттық сүтқышқылды өнімін өндіру технологиясын әзірлеу

Түйе сүтінен ұлттық сүтқышқылды өнімін өндіру технологиясын әзірлеу

Автор: А.К. Мустафаева1, Б. Калемшарив2, А.Е. Жандаулова3

1,2,3С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана қ., Қазақстан
Бет 9-16

https://doi.org/10.55956/QKOR8581

Аңдатпа. Бұл мақалада С дәруменімен байыту мақсатында өсімдік тектес шикізатты қолдану арқылы түйе сүтінен ұлттық сүтқышқылды өнім өндіру технологиясы жасалды. Зерттеудің негізгі нысандары ретінде түйе сүті және Шығыс Қазақстан облысында өсетін өсімдік тектес шикізат итмұрын алынды. Итмұрын дәрумендерге өте бай, ең алдымен аскорбин қышқылының көзі ретінде құндылығы жоғары, оның құрамындағы С дәрумені алмаға қарағанда 10 есе көп, сонымен қатар кептірілген жидектерде бұл дәрумен ұзақ уақыт бойы сақталады. Зерттеу жаңалығы сүтқышқылды өнімді С дәруменімен байыту мақсатында түйе сүтінен дайындалған құрт өніміне құрғақ ұнтақталған итмұрынды енгізу болып табылады. Зерттеу нәтижесінде құрғақ ұнтақталған итмұрын қосылған құрттың физика-химиялық көрсеткіштері, органолептикалық көрсеткіштері анықталды және 100 гр өнімдегі С дәруменнің мөлшері мен энергетикалық құндылығы есептелді.

Тірек сөздер: түйе сүті, ұлттық сүтқышқылды өнім, құрт, итмұрын, С дәрумені.

Мустафаева, А.К. Түйе сүтінен ұлттық сүтқышқылды өнімін өндіру технологиясын әзірлеу [Мәтін] / А.К. Мустафаева, Б. Калемшарив, А.Е. Жандаулова //Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №4(86). – Б.9-16. https://doi.org/10.55956/QKOR8581

(PDF)