Қауынды қайта өңдеу жолдарын онтайландыру

Автор: Н.А. Умбеталиев1, Г.К. Күзембаева2, Қ. Күзембаев3, М. Маханов4, Е.Д. Шамбулов5, С.Ж. Оралбаев6, Ж.Т. Сыдыкбаев7

1,2,3,4,5,6,7Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Бет 64-75

https://doi.org/10.55956/YAQL3321

Аңдатпа. Жұмыста "колхозница" қауынының жемістерінен қақталған қауынқақ өнімін өндіру технологиясын әзірлеу бойынша зерттеу нәтижелері ұсынылған. Бүгінгі таңда мұндай өнімдер нарығы әлсіз дамыған, бірақ өнім жоғары инвестициялық тартымдылыққа ие және өзекті мәселелердің бірі – дұрыс тамақтану тұжырымдамасына сәйкес келеді. Бұл мәселені шешуде қауын шикізатын пайдалана отырып, оларды өндіру технологияларын әзірлеу маңызды рөл атқарады. Зерттеу нысаны ретінде Қазақстанда өсірілген «колхозница» әңгелек қауын сорты алынды. «Кауынқақ» қақталған өнімін зертханалық өндірісі мынадай операцияларды тұрады: шикізатты жуу, тазалау, кесінділеу және шикізатты тұрақты температуралық режимде ИҚ сәулелі кептіру аппаратында кептіру. Алынған үлгілер органолептикалық талдаудан өтті. Органолептикалық талдау нәтижелері бойынша үлгі өте жоғары орташа бағаға ие болды – 4,3 балл, өнімнің дәмі мен хош иісі 4,9 балға бағаланды. Өнімнің энергетикалық құндылығы 326 кКал (979,68 кДж) / 100 г құрады. Ғылыми зерттеу негізінде қауын дайындамаларын кептіру барысында кептіру жылдамдығы мен кептіру уақыттын тәуелділігі анықталды. Кептіру үдерісінде қауын дайындамаларының шөгу (усадка) тәуелділігі анықталды және математикалық сипаттамасы келтірілді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері өнімнің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін растайды және оны өндіріске енгізу үшін ұсынуға мүмкіндік береді.

Тірек сөздер: қауын, дайындама, қауынқақ, кептіргіш, өндіріс технологиясы, органолептикалық көрсеткіштер, химиялық құрамы, шөгу.

Умбеталиев, Н.А. Қауынды қайта өңдеу жолдарын онтайландыру [Мәтін] / Н.А. Умбеталиев, Г.К. Күзембаева, Қ. Күзембаев, М. Маханов, Е.Д. Шамбулов, С.Ж. Оралбаев, Ж.Т. Сыдыкбаев // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №3(85). – Б.64-75. https://doi.org/10.55956/YAQL3321

(PDF)