Басты бет - Мұрағат - Механика және технологиялар - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-3 - Құрғақ түйе сүтінің тағамдық және биологиялық құндылығы
Құрғақ түйе сүтінің тағамдық және биологиялық құндылығы
https://doi.org/10.55956/ISBR1989
Аңдатпа. Мақалада сублимациялық әдіспен кептірілген түйе сүтінің тағамдық және биологиялық құндылығы зерттелді. Түйе сүтін сублимациялық әдіспен кептіру нәтижесінде құрғақ түйе сүтінде ақуыз, май және көмірсудың массалық үлестері 28,1%, 28,18% және 31,52% құрады. Құрғақ түйе сүтінің биологиялық құндылығын сипаттау мақсатында оның аминқышқылдық құрамы мен құрамындағы суда еритін витаминдар В тобы атап айтқанда В1, В2, В3 және С мөлшерлері анықталды. Аминқышқылдық құрамды зерттеу нәтижесінде құрғақ түйе сүтінде 14 аминқықылы (7 – ауыстырылмайтын, 7 – ауыстырылатын) анықталды. Анықталған аминқышқылдарының жалпы саны 41,36% құрады. Зерттеу қорытындысы бойынша құрғақ түйе сүтінің тағамдық және биологиялық құндылығын сипттайтын нәтижелер, құрғақ түйе сүті бойынша жеткіліксіз зертеулер қатарын толықтырады.
Тірек сөздер: құрғақ түйе сүті, тағамдық құндылығы, биологиялық құндылығы, аминқышқылдық құрамы, витаминдер.
Рахматулина, А.Б. Құрғақ түйе сүтінің тағамдық және биологиялық құндылығы [Мәтін] / А.Б. Рахматулина, Ф.Т. Диханбаева, Д.А. Тлевлесова, Н.А. Аралбаев, А.Б. Есенова // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №3(85). – Б.151-157. https://doi.org/10.55956/ISBR1989