Басты бет - Мұрағат - Механика және технологиялар - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-3 - Құстарға арналған азық қоспасын жануарлардың қалдық өнімдері мен минералды заттармен толықтандырудың маңызы

Құстарға арналған азық қоспасын жануарлардың қалдық өнімдері мен минералды заттармен толықтандырудың маңызы

Автор: М.Х. Байгелдиева1, Х.А. Аубакиров2, А.А. Тлепов3

1,2,3М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
Бет 9-16

https://doi.org/10.55956/UYMA4582

Аңдатпа. Құс шаруашылығы – еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің жетекші саласының бірі, оның дамуы, бір жағынан, қоғамның құс еті және жұмыртқа өнімдерімен қанағаттану деңгейін, екінші жағынан, ауыл шаруашылығының экономикалық әл-ауқатын анықтайтын ұлттық экономиканың маңызды секторы. Ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігі 70-80% азықтандыру және қоректену жағдайына және тек 20-30% генетикалық мүмкіндігіне байланысты екені белгілі. Сондықтан, мал-құс өнімділігін арттыруға көмектесетін маңызды шара ретінде – түрлі жас кезеңдеріне байланысты жануардың энергияға және белгілі бір қоректік заттарға қажеттілігін қанағаттандыруға негізделген толыққұнды азықтандыруды қамтамасыз етілуін айта аламыз. Егер бұл талап орындалса, онда балапандардың қысқа мерзімде қарқынды түрде өсіп-дамуы қамтамасыз етіліп, кезегінше құс шаруашылығының жоғары өнімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік туылады.

Тірек сөздер: азық қоспасы, қоректік заттар, минералды заттар, азықтандыру, рацион, құс шаруашылығы, балапандар, бройлер, жылқы қаны, қой қаны, ірі қара қаны, ылғалдылық, протеин, май, күл.

Байгелдиева, М.Х. Құстарға арналған азық қоспасын жануарлардың қалдық өнімдері мен минералды заттармен толықтандырудың маңызы [Мәтін] / М.Х. Байгелдиева, Х.А. Аубакиров, А.А. Тлепов // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №3(85). – Б.9-16. https://doi.org/10.55956/UYMA4582

(PDF)