Басты бет - Мұрағат - Механика және технологиялар - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-2 - Саздар негізінде иондық өткізгіштігі жоғары полимерлі электролиттер жасау

Саздар негізінде иондық өткізгіштігі жоғары полимерлі электролиттер жасау

Автор: Е.Ж. Усипбекова, Г.А. Сүлейменова, Г.А. Сейлханова
Бет 255-264

https://doi.org/10.55956/QBVJ3910

Аңдатпа. Қазіргі уақытта литий ионды батареялар үшін қатты электролиттердің дәстүрлі сұйық электролиттермен салыстырғанда кеңірек қолданысқа ие. Осыған байланысты иондық өткізгіштігі жоғары, қауіпсіз және механикалық төзімді мембраналар алу мақсатында ПВДФ, ДМФА, литий тұздары және әр түрлі толтырғыштар (каолин, бентонит) негізінде композициялық мембрана-сеператорлар алынды. Алынған мембрана- сеператорлардың келесі құрамы жақсы көрсеткішке ие болды: ПВДФ-LiF-каолин және ПВДФ-Li3PO4 – каолин, иондық өткізгіштері σ = 9 · 10-3 Ом-1 см-1 және σ = 11,3 · 10-3 Ом-1 см-1. Сканерлеуші электрондық микроскоп арқылы КПЭ-нің беттік морфологиясы зерттелді. Жоғары иондық көрсеткішке ие болған КПЭ-нің термофизикалық қасиеттері зерттеліп, термогравиметриялық қисықтар алынды. Зерттеу нәтижесінде алынған композиттік мембраналардың химиялық тоқ көзі үшін қолдануға болатындығы анықталды.

Тірек сөздер: мембрана-сеператор, толтырғыштар, иондық тасымалдау, иондық өткізгіштік, батарея, химиялық тоқ көзі.

Усипбекова, Е.Ж. Саздар негізінде иондық өткізгіштігі жоғары полимерлі электролиттер жасау [Мәтін] / Е.Ж. Усипбекова, Г.А. Сүлейменова, Г.А. Сейлханова // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №2(84). – Б.256-265. https://doi.org/10.55956/QBVJ3910

(PDF)