Басты бет - Мұрағат - Механика және технологиялар - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-2 - Топырақтың құрылымдану қабілетін суда еритін полимердің қатысында зерттеу

Топырақтың құрылымдану қабілетін суда еритін полимердің қатысында зерттеу

Автор: А.Н. Шералы, М.С. Қалмаханова, D.D. Snow, Р.Б. Жарлыкапова
Бет 238-245

https://doi.org/10.55956/BKNW5669

Аңдатпа. Ауыл шаруашылығы экономиканың маңызды салаларының бірі болып саналады. Сондықтан ауыл шаруашылығын әртүрлі тәсілдермен дамыту қажет. Осы орайда ауыл шаруашылығында қолданылатын топырақтың жоғары құнарлылығы үлкен рөл атқарады. Топырақтың құнарлылығы оның орналасқан аймағына, құрылымы мен құрамына, қасиеттеріне, түріне байланысты. Қазіргі уақытта топырақтың құнарлылығын арттыру әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Атап айтқанда, топырақтың құрылымын жасанды жақсартуды іске асыру кезінде химиялық түрлендірілген табиғи, жасанды және синтетикалық қосылыстарды – суда еритін полимерлерді тиімді пайдалана білу қажет. Сондықтан суда еритін полимерлердің, әсіресе топырақтың құнарлылығын арттыру үшін қолданылатын полимерлердің қасиеттерін реттеу ғылыми маңызды тәжірибелік бағыт болып табылады.

Тірек сөздер: топырақ, құнарлылық, суда еритін полимер, құрылымдану, қасиет, полиакриламид, тәжірибе, функционал топ, концентрация.

Шералы, А.Н. Топырақтың құрылымдану қабілетін суда еритін полимердің қатысында зерттеу [Мәтін] / А.Н. Шералы, М.С. Қалмаханова, D.D. Snow, Р.Б. Жарлыкапова // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №2(84). – Б.238-245. https://doi.org/10.55956/BKNW5669

(PDF)