Қантты печеньенің тағамдық құндылығына гүл тозаңының әсері

Автор: А.Ж. Оразов1, Г.З. Каиргалиева2, Д.С. Жаксыгалиева3, А.Қ. Амантай4

1,2,3,4Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал қ., Қазақстан
Бет 44-53

https://doi.org/10.55956/TXSM4071

Аңдатпа. Зерттеу жұмысында қантты печеньенің тағамдық құндылығын арттыру үшін биологиялық белсенді шикізат ретінде гүл тозаңының әсері зерттеліп, тағамдық құндылығы жоғары қантты печеньенің рецептурасын әзірлеу нәтижелері келтірілген. Құрамында қант, флавоноидтар, дәрумендер, минералдар және маңызды аминқышқылдары бар гүл тозаңын биологиялық белсенді шикізат ретінде қолдану мүмкіндігі көрсетілген. Қантты печеньені өндіруде жоғары сұрыпты бидай ұнына 3 г, 5 г, 7 г, 9 г мөлшерінде гүл тозаңы енгізілді. Гүл тозаңы қосылған қантты печеньенің физико-химиялық көрсеткіштері, тағамдық және биологиялық құндылығы анықталған. Дайын өнімнің ақуыз мөлшері 0,31%, май 3,44%, көмірсу 15,48% артты. Зерттеу нәтижелеріне сүйене келе, гүл тозаңын қантты печеньеге қолдану, өнімнің тағамдық құндылықтарын жоғарылатып, өнімге ерекше дәм мен хош иіс берді. Қантты печеньеге гүл тозаңын қосу өнімді дұрыс тамақтануға бағытталған тұтынушылар үшін пайдалы ете отырып, өнімнің тұтынушылық қасиеттерін жақсартты.

Тірек сөздер: ұнды кондитерлік өнім, қантты печенье, гүл тозаңы, дәстүрлі емес шикізат, тағамдық қоспа.

Оразов, А.Ж. Қантты печеньенің тағамдық құндылығына гүл тозаңының әсері [Мәтін] / А.Ж. Оразов, Г.З. Каиргалиева, Д.С. Жаксыгалиева, А.Қ. Амантай // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №2(84). – Б.44-53. https://doi.org/10.55956/TXSM4071

(PDF)