Басты бет - Мұрағат - Механика және технологиялар - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-1 - Теңселмелі тірекке орналастырылған, шоғырланған жүктемесі бар серпімді сырықтың параметрлік тербелісін зерттеу
Теңселмелі тірекке орналастырылған, шоғырланған жүктемесі бар серпімді сырықтың параметрлік тербелісін зерттеу
https://doi.org/10.55956/XZQS1818
Аңдатпа. Жұмыста релаксацияланатын жер қабатындағы дөңгелеу үйкелісін ескерген жағдайда түзетілетін беттермен шектелген дірілтірегіне орнатылған шоғырланған жүктемелері бар серпімді сырықтың параметрлік тербелісі зерттеледі. Жүйенің қозғалыс теңдеуі алынған. Жүйенің тербелмелі процесінің стационар режимі зерттелген және орнықтылық критериі анықталған. Негізгі элементтері жоғары ретті айналу беттерімен шектелген теңселмелі тірек болып табылатын кинематикалық дірілді оқшаулау қондырғысына орнатылған шоғырланған жүктемелері бар серпімді сырықтардың негізгі динамикалық қасиеттері нақтыланды. Олар кинематикалық тіректердің тиісті өлшемдерін және шоғырланған жүктемелері бар серпімді сырықтардың динамикалық параметрлерін тағайындау арқылы дірілді оқшаулау жүйесін кез келген жиілікке мақсатты түрде реттеуге, дірілден қорғау жүктемесінің қайта таралуының қауіпті әсерін болдырмауға, резонансты тербелістерден қашуға, кинематикалық оқшаулауы бар серпімді құрылғыға әсер ететін вертикаль қоздырудың әсерін азайтуға немесе жоюға септігін тигізеді.
Тірек сөздер: дірілден қорғау, дірілтірек, меншікті форма, шоғырланған жүктемесі бар серпімді сырық, параметрлік тербеліс.
Бисембаев, К. Теңселмелі тірекке орналастырылған, шоғырланған жүктемесі бар серпімді сырықтың параметрлік тербелісін зерттеу [Мәтін] / К. Бисембаев, С.М. Тезекеев, А. Байчапанова // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №1(83). – Б.281-291. https://doi.org/10.55956/XZQS1818