Басты бет - Мұрағат - Механика және технологиялар - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-1 - Күл-қож қоспалы конструкциялық фиброкөбікбетон
Күл-қож қоспалы конструкциялық фиброкөбікбетон
https://doi.org/10.55956/WMGU7554
Аңдатпа. Автоклавты емес фиброкөбікбетонға арналған шикізат материалдары I 42,5 Н ЦЕМ портландцементі, күл-қож қоспасы, ПБ-2012 көбіктендіргіші, полипропилен талшықтары болып таңдалды. Полипропилен талшығының мөлшерінің шөгу көрсеткішіне, иілу және сығылғандағы беріктігіне әсері зерттелді. Орташа тығыздығы 1144-1160 кг/м3 , сығылу беріктігі 4,7-5,1 МПа, иілу беріктігі 2,5-2,8 МПа болатын құрылымдық фиброкөбікбетон алынды. Автоклавсыз фиброкөбікбетонның шикізат құрамына полипропилен талшығын енгізу шөгу деформациясының 16-23% төмендеуіне әкеледі. Құрамында көлемі бойынша 0,1-0,3% мөлшерінде полипропилен талшығы бар үлгінің 1,3-1,4 мм/м-ге тең ең шөгу деформацияларымен сипатталады.
Тірек сөздер: полипропилен талшығы, талшықты көбікті бетон, күл қож қоспасы, шөгу, иілу, сығылу беріктігі.
Сағындықов, А.А. Күл-қож қоспалы конструкциялық фиброкөбікбетон [Мәтін] / А.А. Сағындықов, Ж.Е. Ескермесов, А.О. Меирманов, Ә.Ғ. Қарқымбаев // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №1(83). – Б.83-89. https://doi.org/10.55956/WMGU7554