Басты бет - Мұрағат - Механика және технологиялар - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2023-3 - Үгілмелі печенье дайындауда глютенсіз ұндарды қолдануды зерттеу
Үгілмелі печенье дайындауда глютенсіз ұндарды қолдануды зерттеу
https://doi.org/10.55956/BNAL4181
Аңдатпа. Мақала бүгінгі таңда өзекті болып отырған глютенсіз тамақ өнімдерінің ассортиментін кеңейту мәселесіне арналған. Арнайы тамақтануға арналған тағамдық құндылығы жоғары глютенсіз жүгері, күріш және қарақұмық ұндарын қолданып үгілмелі печеньелерді дайындау технологиясы қарастырылған. Глютенсіз ұндардан дайындалған үгілмелі печеньелердің органолептикалық және физикалық-химиялық көрсеткіштері анықталған. Зерттеулер нәтижесі бойынша глютенсіз ұндардан үгілмелі печеньелердің рецептурасы жасалған. Алынған глютенсіз үгілмелі печеньелерді тек целиакия ауруымен ауыратын науқастарға ғана емес, сонымен қатар тағамдық рационын түзетуге мұқтаж адамдарға да десерт түрінде қолдануға ұсынылған.
Тірек сөздер: глютенсіз үгілмелі печенье, жүгері ұны, күріш ұны, қарақұмық ұны, целиакия ауруы.
Умирбекова, А.С. Үгілмелі печенье дайындауда глютенсіз ұндарды қолдануды зерттеу [Мәтін] / А.С. Умирбекова, А.Б. Мынбаева, Б.Е. Солтыбаева, Н.В. Иванникова, А.С. Боранкулова // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2023. – №3(81). – Б.38-48. https://doi.org/10.55956/BNAL4181