Барит құрамды кендердің физикалық-химиялық қасиеттерін зерттеу

Автор: Х.Р. Садиева1, А.Н. Нурлыбаева2, С.Т. Дүйсенбаева3, А. Орынбаева4

1,2,3,4М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
Бет 183-190

https://doi.org/10.55956/AZLS8615

Аңдатпа. Бұл зерттелген жұмыста Шығанақ кен орнында барит қосылыстарын өңдеу кезінде 2 миллион тоннаға жуық қалдық жинақталғаны анықталған. Қатты шикізаттан туындаған экологиялық және экономикалық мәселелерді шешу үшін оларды өңдеудің әдістері қарастырылды. Осы жинақталған қалдықты өңдеу арқылы қатты ерітінділердің (бетон) алу жолы қарастырылды. Бұл алынған үлгілердің құрамы рентгендік дифрактометриялық талдау арқылы барит қосылыстарының сандық және фазалық құрамы зерттелді және баритті рудамен барий сульфатының рН ортасы анықталды.

Тірек сөздер: барит кендері, рентгендік дифрактометриялық талдау, барий сульфаты, фазалық құрамы, кристалдық фаза.

Садиева, Х.Р. Барит құрамды кендердің физикалық-химиялық қасиеттерін зерттеу [Мәтін] /Х.Р. Садиева, А.Н. Нурлыбаева, С.Т. Дүйсенбаева, А. Орынбаева // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2023. – №1(79). – Б.183-190. https://doi.org/10.55956/AZLS8615

(PDF)