Басты бет - Мұрағат - Механика және технологиялар - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2022-3 - Автокөлік өнеркәсібінде қолданылатын беймата жаймаларының жіктелуі
Автокөлік өнеркәсібінде қолданылатын беймата жаймаларының жіктелуі
https://doi.org/10.55956/TLEO5473
Аңдатпа. Мақалада инетесімді материалдарды алу технологиясы және автокөлік өнеркәсібіне арналған инетесімді шу оқшаулағыш материалдарға аналитикалық шолу келтірілген. Инетесімді беймата жаймаларының өңдеу процесі мен қолдану аясы талданды. Тоқыма емес материалды инетесімді тәсілмен өндіретін жабдықтың жұмыс істеу принципі көрсетілген. Мақалада автокөлік өнеркәсібіне арналған жаймалардың түрлері жіктелді. Автокөлік өнеркәсібіне арналған беймата жаймаларына техникалық сипаттамалар жасалынды. Автокөліктің шу оқшаулау жиынтықтауыштары кестеде көрсетілді.
Тірек сөздер: беймата, инетесімді, жайғақ, тарау, шу оқшаулағыш, жиынтықтауыш, жайма.
Мэлс, М.Д. Автокөлік өнеркәсібінде қолданылатын беймата жаймаларының жіктелуі [Мәтін] / М.Д. Мэлс, М.Ш. Шардарбек // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2022. – №3(77). – Б.50-57. https://doi.org/10.55956/TLEO5473