Басты бет - Мұрағат - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2021-2 - Конфет тұрқыларының сапасына сәбіз бен алма езбесін түрлі мөлшерде біріктіріп қолдану әсері
Конфет тұрқыларының сапасына сәбіз бен алма езбесін түрлі мөлшерде біріктіріп қолдану әсері
https://doi.org/10.55956/TDGF1469
Аңдатпа. Мақалада сәбіз және алма езбесін әртүрлі мөлшерде біріктіріп қолданудың конфет тұрқыларының сапасына әсері зерттелген. Конфет тұрқыларының технологиясын жасау барысында пісірілген сәбіз және алма езбесі қолданылды. Алма езбесі сәбіз езбесіне қатысты алғанда 30, 20, 15 және 10% мөлшерінде қосылды. Зерттеу нәтижесінде, құрамында 30% алма езбесі бар конфет тұрқыларының құрылымы иілімді – беріктеу және сақтау процесіне тұрақтырақ болатындығы анықталды. Осылайша, дайын конфет тұрқыларындағы алма езбесінің 30% мөлшері тиімді проценттік мөлшер екендігі анықталды.
Тірек сөздер: жемісті конфет массалары, көкөністер, сәбіз-алма езбесі, көкөністі конфет тұрқылары, редуцирлейтін заттар мөлшері.
Клышбекова, А.С. Конфет тұрқыларының сапасына сәбіз бен алма езбесін түрлі мөлшерде біріктіріп қолдану әсері [Мәтін] / А.С. Клышбекова, С.Ж. Әбілқасым, А.С. Умирбекова, Л.Ж. Алашбаева, С.М. Ергалиева // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2021. – №2(72). – Б.75-80. https://doi.org/10.55956/TDGF1469