Басты бет - Мұрағат - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2021-2 - Қара бидай-бидай нанының сапасына тағамдық талшықтың әсер етуі

Қара бидай-бидай нанының сапасына тағамдық талшықтың әсер етуі

Автор: З.Н. Молдақұлова, М.П. Байысбаева, Қ.С. Қойланов
Бет 15-20

https://doi.org/10.55956/XPLV3154

Аңдатпа. Мақалада қосымша шикізат ретінде күріш қауызынан алынған тағамдық талшықтың қара бидай-бидай нанының сапасына және тағамдық құндылығына әсер етуін анықтау бағытында зерттеу жүргізілген. Зерттеу барысында тағамдық талшықтың қара бидай-бидай нанының органолептикалық және физикалық-химиялық қасиетіне әсер етуі анықталып, сапасы стандарттық талаптарға сай нұсқа таңдалды. Қара бидай-бидай ұнына 0,5% тағамдық талшық қосылған дайын нанның химиялық құрамы анықталып, сынама нанда бақылаумен салыстырғанда клетчаткасы 4,3 есеге артатынын, сонымен қатар В дәрумен тобының, кейбір аминқышқылының жоғарылайтыны, көмірсулардың төмендейтіні көрсетілді.

Тірек сөздер: күріш қауызы, тағамдық талшық, қамыр, қара бидай ұны, бидай ұны, нан, дәрумендер.

Молдақұлова, З.Н. Қара бидай-бидай нанының сапасына тағамдық талшықтың әсер етуі [Мәтін] / З.Н. Молдақұлова, М.П. Байысбаева, Қ.С. Қойланов // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2021. – №2(72). – Б.15-20. https://doi.org/10.55956/XPLV3154

(PDF)