Басты бет - Мұрағат - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2021-1 - Бидай нанының сапасына рецептуралық компоненттердің әсерін анықтау
Бидай нанының сапасына рецептуралық компоненттердің әсерін анықтау
https://doi.org/10.55956/GPCB9654
Аңдатпа. Жұмыста дайын нанның органолептикалық және физикалықхимиялық қасиетіне күріш ұншасының әсерін зерттеу, сонымен қатар мұздатылған күріш ұншасы қосылған нан алудың рецептурасын және технологиясын жасау бағыты бойынша зерттеу жүргізілген. Зерттеу нәтижесінде бидай наны өндірісінде күріш ұншасының тиімді мөлшерін: көзмөлшерлік және физикалық-химиялық көрсеткіштер арқылы анықталған бірінші сұрып бидай ұнынан дайындалған нан үшін 0,15% жақсартқыш және 20% күріш ұншасы анықтаған. Мұздатылған нан алудың технологиялық параметрлері берілген. Осы нұсқада дайындалған мұздатылған нанды сақтау барысындағы әр 5 тәулікте анықталған көсреткіштері бидай нанының сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келеді.
Тірек сөздер: бидай ұны, қамыр, нан, күріш, жақсартқыш, мұздату, еріту, рецептура.
Байысбаева, М.П. Бидай нанының сапасына рецептуралық компоненттердің әсерін анықтау [Мәтін] / М.П. Байысбаева, З.Н. Молдақұлова // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2021. – №1(71). – Б.64-69. https://doi.org/10.55956/GPCB9654