Басты бет - Мұрағат - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2021-1 - Ұлттық нан өнімдерінің тиімді технологиясын жасау
Ұлттық нан өнімдерінің тиімді технологиясын жасау
https://doi.org/10.55956/KNGA6070
Аңдатпа. Қазіргі кезде халықты жоғарғы сапалы тағамдармен қамтамасыз ету ең негізгі кезек күттірмейтін міндет болып табылады. Түрлі тағамдар, оның ішінде астық, сонымен қатар оны өңдегенде алынатын өнімдер барлық жағынан стандарт талаптарына сәйкес болу керек. Осыған байланысты дәстүрлі әдіспен дайындалатын қазақтың ұлттық өнімдері бауырсақ, қаттама нандардың технологиясын жасау қажет етіледі. Тиімді тамақтану мәселесін шешуде маңызды бағыттардың бірі негізгі тамақ өнімдерінің биологиялық құндылығын арттыру болып саналады. Бұршақ тұқымдас дақылдарының арасынан өзінің биологиялық құндылығының жоғары екендігімен, ақуызға толықтығымен ноқат көп қолданылуда. Жұмыста ноқат ұнын қосылып, дайындалған ұлттық нан өнімдерінің рецептурасы қарастырылған.
Тірек сөздер: технология, рецептура, ұн, сапа көрсеткіштері, органолептикалық көрсеткіш, физикалық-химиялық көрсеткіш.
Немеребаев, М.Н. Ұлттық нан өнімдерінің тиімді технологиясын жасау [Мәтін] / М.Н. Немеребаев, П.М. Маликтаева, Қ.Ж. Абдикаримова // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2021. – №1(71). – Б.56-63. https://doi.org/10.55956/KNGA6070