Басты бет - Мұрағат - Механика және технологиялар - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Амангелді газ кенорнындағы газды кәсіпшілікте өңдеу кезіндегі тұрақтандыру бағанасының конструкциясын жетілдіру әдістері

Амангелді газ кенорнындағы газды кәсіпшілікте өңдеу кезіндегі тұрақтандыру бағанасының конструкциясын жетілдіру әдістері

Автор: А.Р. Кембаев
Бет 91-100

https://doi.org/10.55956/BXPG1066

Аңдатпа. Мақалада Амангелді газ кенорнындағы газды кәсіпшілікте өңдеу кезіндегі тұрақтандыру бағанасының конструкциясын жетілдіру әдістері қарастырылған. Газоконденсатты кен орындарда пайдаланылатын тұрақтандыру бағанасының ішіндегі саптаманың конустық беті бойынша ағатын сұйық пленкасына әсер ететін күштерді және бөліну бетіне іш жақтан әсер ететін тамшылы сұйық ағынының толқынды ыдырауына талдау жасау нәтижесінде, пленканың қалыңдығы, оның орташа шығындағы жылдамдығы, ағынның жылдамдығы және диаметрі, сондай-ақ тамшы диаметрі анықталған. Ұсынылған теңдеулер аппараттың конструктивтік параметрін, сондай-ақ бірігіп әрекет ететін ағындардың физикалық қасиеттерін есепке алады. Масса және жылуалмасудың гидродинамикасының біріккен процестеріне жүргізілген тәжірибелі зерттеулер негізінде конусты саптама қабатында түйісу жылуалмасуы есептеу теңдеулерінің математикалық моделі ұсынылған.

Тірек сөздер: тұрақтандыру бағанасы, конусты саптама, гидравликалық кедергі, газдық фаза, конструкциясын жетілдіру.

Кембаев, А.Р. Амангелді газ кенорнындағы газды кәсіпшілікте өңдеу кезіндегі тұрақтандыру бағанасының конструкциясын жетілдіру әдістері [Мәтін] / А.Р. Кембаев // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2022. – №2(76). – Б.91- 100. https://doi.org/10.55956/BXPG1066

(PDF)