Басты бет - Мұрағат - Dulaty University хабаршысы - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2024-1 - Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріндегі инклюзивті биологиялық білім беруді бағалау
Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріндегі инклюзивті биологиялық білім беруді бағалау
https://doi.org/10.55956/XEFS5742
Аңдатпа. Бұл мақалада Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде инклюзивті биологиялық білім берудің қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары, сондай-ақ өзекті мəселелері қарастырылады. Жұмыстың мақсаты –инклюзивті биологиялық білім берудесəтті жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар, əдістер мен тəсілдерге талдау жасап, инклюзивті білім беру үдерісіне табысты енгізуге ықпал ететін факторларды жəне кедергі келтіретін кемшіліктерді анықтау.Қазақстан өзінің білім беру тəжірибесін жаһандық стандарттарға сəйкестендіруге ұмтылып жатқандықтан, инклюзивті биологиялық білім беруді мұқият бағалау уақтылы ғана емес, сонымен қатар неғұрлым əділ жəне қолжетімді оқу ортасын қалыптастыру үшін маңызды, сондықтан ұсынылып отырған зерттеу жұмысы жалпы білім беретін мектептердегі инклюзивті биологиялық білім берудің қазіргі жағдайын анықтауға тырысады, оның жетістіктері мен жақсартуды талап ететін кемшіліктерді белгілейді. Зерттеу жұмысын жүргізу үшін Қазақстанның əр аймағында жұмыс істейтін 105 биология пəні мұғалімдерінен сауалнама алынды. Алынған нəтижелеринклюзивті биологиялық білім берудің маңыздылығын растайды, сонымен біргемектептегі биология пəнін табысты енгізу үшін заманауи технологиялар мен жеке оқыту тəсілдерін дамытуды жəне осы салада əдістемелік – материалдық ресурстарды жетілдіру қажеттілігін көрсетеді. ЗерттеуҚазақстанның жалпы білім беретін мектептеріндегі инклюзивті биологиялық білім берудің теориялық түсінігін кеңейтіп, білім беру тəсілдерін жетілдіруде құнды болып табылады, осы арқылы инклюзивті білім беру тəжірибесін дамытуға жəне мұғалімдердің кəсіби өсуіне ықпал ету бойынша практикалық ұсыныстарды ұсынады.
Тірек сөздер: жалпы білім беретін мектеп,инклюзия,инклюзивті білім беру,бағалау, тенденция, инновациялық əдістер.