Басты бет - Мұрағат - Dulaty University хабаршысы - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2023-1 - Мектеп математика курсында математикалық анализ элементтерін оқыту ерекшеліктері

Мектеп математика курсында математикалық анализ элементтерін оқыту ерекшеліктері

Автор: Г.К. Казакбаева, К.Ж. Назарова
Бет 47-57

https://doi.org/10.55956/UPNT7058

Аңдатпа. Бұл мақалада күрделі функцияның қасиеттері, туындының физикалық және геометриялық мағынасын есептер шығаруда қолдану әдістері, қолданбалы , оның ішінде әлеуметтік-экономикалық есептерді шешуде туындыны пайдаланып, тиімді шешімін табу жолдары қарастырылған. Зерттеу нәтижесінде мектеп математика курсында математикалық анализ элементтерін зерделеу бойынша әдістемелік ұсыныстарға ерекше көңіл бөлінген, сонымен қатар 9-11-сыныпта математикадан емтиханда, олимпиадаларда кездесетін типтік математикалық есептерді шешу әдістері берілген. Эксперимент нәтижесінде зерттеуге қатысқан 10 сынып оқитын 25 оқушының математика пәніне деген қызығушылығы 16 % дейін артқаны байқалды. Зерттеулер нәтижесінде матанализ элементтеріне байланысты стандартты емес есептерді шешудің тиімді әдісі ретінде бірнеше амал ұсынылды. Ғылыми зерттеудің нәтижесі 10-11 сынып оқушыларын мемлекеттік емтихандар мен олимпиадаға дайындауда математика пәні мұғалімдеріне нұсқау ретінде қолданылуы мүмкіншілігі бар.

Тірек сөздер: математикалық анализ элементтері, алгебра және анализ бастамалары, туынды, туындының физикалық және геометриялық мағынасы, функцияны зерттеуде туындының қолданылуы.

(PDF)