Басты бет - Жаңа номер - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-3 - Алюминий негізіндегі композиттік материалдарды синтездеу және олардың қасиеттерін зерттеу
Алюминий негізіндегі композиттік материалдарды синтездеу және олардың қасиеттерін зерттеу
https://doi.org/10.55956/RNZL3070
Аңдатпа. Бұл жұмыста алюминий-кобальт-молибден (AКM) нанобөлшектерінің синтезінің және олардың құрылымдық қасиеттерін зерттеу нәтижелері берілген. Нанобөлшектер золь-гель әдісімен синтезделді, бұл жоғары меншікті беті және бақыланатын морфологиясы бар материалдарды алуға мүмкіндік берді. Нанобөлшектердің микроқұрылымы мен химиялық құрамын талдау үшін сканерлеуші электронды микроскопия (СЭM) және инфрақызыл спектроскопия (ИҚ) әдістері қолданылды. Рентгендік микроталдау алюминий тасымалдаушысының бетінде белсенді компоненттердің (Co және Mo) біркелкі таралуын растады. Алынған нәтижелер AКM нанобөлшектерінің жоғары каталитикалық потенциалын көрсетеді, бұл оларды әртүрлі өнеркәсіптік процестерде қолдану үшін перспективалы материалдар етеді. Одан әрі зерттеулер синтезді оңтайландыруға және катализаторларды нақты жағдайларда сынауға бағытталады.
Тірек сөздер: алюминий-кобальт-молибден нанобөлшектері, золь-гель әдісі, сканерлеуші электронды микроскоп, инфрақызыл спектроскопия, рентгендік микроталдау.
Дарменбаева, А.С. Алюминий негізіндегі композиттік материалдарды синтездеу және олардың қасиеттерін зерттеу [Мәтін] / А.С. Дарменбаева, Б.К. Масалимова, Ж.Б. Мукажанова // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №3(85). – Б.367-374. https://doi.org/10.55956/RNZL3070