Механика және технологиялар 2024-2
Автор: А.Х. Хамитбек1, А.Е. Kaйрбаева2, М.В. Копылов3

1,2Алматы Технологиялық Университеті, Алматы қ., Қазақстан
3Воронеж мемлекеттік инженерлік технологиялар университеті Воронеж қ., Ресей
Бет 9-22

https://doi.org/10.55956/RQQT4151

Аңдатпа. Зерттеуді жүргізу үшін балқарағай жаңғағы екі параллель панельдің арасына орналастырылды, олар жаңғақтың шағылуын бастау үшін қажетті шағылу күшін, деформациясын, қуатын және қаттылығын анықтады. Сынақтар жаңғақтың 5,4, 11,9, 19,1, 23,6 және 30,1% ылғалдылық мәндерінде және жаңғақ орналасуының екі түрінде (тік және көлденең) жүргізілді. Алғашқы жағдайда балқарағай жаңғағы тігінен орналастырылды, жаңғақтың үлкен осі жүктеу бағытына параллель болды. Келесі жағдайда көлденең жүктеу кезінде жаңғақтың үлкен осі жүктеу бағытына перпендикуляр болды. Жаңғақ пен ядроның физикалық сипаттамалары, яғни массасы, өлшемдері, орташа геометриялық диаметрі, сфералығы, сыртқы бетінің ауданы және қабықтың қалыңдығы анықталды. Балқарағай жаңғағының шағылуын бастау үшін қажетті күш жүктеменің тік және көлденең бағыттары ылғалдың жоғарылауымен 714,1-ден 220,3 Н-ға дейін және 521,4-тен 249,9 Н-ға дейін төмендеді. Сонда, шағылу орнындағы деформация және жаңғақ қабығын бөлуге қажетті қуат тік және көлденең бағытта жүктеме кезінде ылғалдың жоғарылауымен азайды деген тұжырымға келдік. Жаңғақ қаттылығының көрсеткіштері ылғалдылықтың жоғарылауымен төмендеді, және бұл төмендеу жүктеменің тік бағытында ылғал мөлшері 23,6% болғанға дейін жалғасты. Атап айтқанда, кез-келген ылғалдылықта көлденең бағытта жүктелген кезде ядролардың ыдырау үрдісі әрдайым байқалды. Нәтижелер балқарағай жаңғағын шағу үшін қолайлы машинаны жобалау кезінде инженерлердің пайдалануы үшін пайдалы деректер береді.

Тірек сөздер: балқарағай жаңғағы, жабдық, дәнді бұзбай тазарту, жаңғақ ылғалдылығы, шағылу күші, структурометр СТ-2.

Хамитбек, А.Х. Балқарағай жаңғағының ылғалдылығының шағылу күшіне әсерін анықтау [Мәтін] / А.Х. Хамитбек, А.Е. Kaйрбаева, М.В. Копылов // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №2(84). – Б.9-22. https://doi.org/10.55956/RQQT4151

(PDF)