Механика және технологиялар 2023-1
Автор: П.М. Маликтаева1, Қ.Ж. Абдикаримова2

1,2Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты, Тараз қ., Қазақстан
Бет 34-40

https://doi.org/10.55956/CGSX9737

Аңдатпа. Стандартты нан қамырына рецептура бойынша 15, 20 және 25 % мөлшерде «Жеті жарма» түрлі дәнды дақыл кешендерін қосу арқылы нан қамырының және дайын нан сапасын органолептикалық және физиклық-химиялық тұрғыдан салыстырмалы зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Тірек сөздер: жарма, қамыр, нан, ылғалдылық, сапа, жақсартқыш, кешен

Маликтаева, П.М. Нан өнімдеріне "жеті жарма" кешенді қоспасын енгізу арқылы сапасын жақсарту [Мәтін] / П.М. Маликтаева., Қ.Ж. Абдикаримова // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2023. – №1(79). – Б.34-40. https://doi.org/10.55956/CGSX9737

(PDF)

Автор: Л.Ж. Алашбаева1, Н.В. Иванникова2

1,2М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
Бет 28-33

https://doi.org/10.55956/JVPP6017

Аңдатпа. Математикалық моделдеу арқылы графикалық талдау бойынша «Денсаулық» наны үшін алынған лизоцимі бар биологиялық кешен – 0,25 %, итмұрын – 2,86 %, күнжіт – 6,9 % және чиа – 7,13 % оңтайлы мөлшердегі биологиялық белсенді қоспа мен өсімдік шикізаттарының үйлесімді әсерінен алынған дайын нан сынамасын «BVM-L370LC –нан көлемін өлшегіш» қондырғысының көмегімен өнімнің ені, ұзындығы, салмағы, диаметрі, биіктігі, тығыздығы, көлемі, меншікті көлемі сияқты физикалық қасиеттеріне 3D көрініске сипаттама беру арқылы талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде алынған физикалық көрсеткіш мәндерін салыстыру барысында биологиялық белсенді кешен мен өсімдік шикізаттары қосылған нан сынамасының көрсеткіштерінің жақсарғаны байқалды. Чиа мен күнжіт дәндерінің сыртқы қауызындағы ақуыз қабатының тұтас дәнді бидай ұнындағы амин қышқылдық тізбектерімен бірлесіп, ұзына бойына қаңқа құра отырып, итмұрын ұнтағындағы С дәрумені кеуектердің құрылымын қатайту арқылы физикалық қасиеттерді жақсартады.

Тірек сөздер: биологиялық белсенді кешен, өсімдік шикізаттары, физикалық көрсеткіштер, нан сынамалары, тұтас дәнді бидай наны.

Алашбаева, Л.Ж. Өсімдік шикізаттары қосылған тұтас дәнді бидай ұнынан дайындалған нан өнімінің физикалық қасиеттерін зерттеу [Мәтін] / Л.Ж. Алашбаева, Н.В. Иванникова // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2023. – №1(79). – Б.28-33. https://doi.org/10.55956/JVPP6017

(PDF)

Author: A.T. Kirghizbayev

L.N. Gumilyov Eurasian National University, Astana, Kazakhstan
Page 24-27

https://doi.org/10.55956/NYIA5819

Abstract. Technology of contact hardening composite materials based on substandard raw materials is presented. Production of anhydrite binder having relatively high strength in comparison with other types of gypsum binders is shown. The scope of application of anhydrite binder: plaster and masonry mortars, floor screeds, solutions for filling mine workings, decorative facing plates, architectural details, small-piece wall stones, dry mixes.

Keywords: anhydrite binder, mineral fillers, carbonate fillers of various chemical and mineral composition.

Kirghizbayev A.T. The effect of carbonate fillers on the properties of anhydrite binder and gypsum stone based on it// Mechanics and Technology / Scientific journal. – 2023. – No.1(79). – P.24-27. https://doi.org/10.55956/NYIA5819

(PDF)

Автор: Г.М. Баялиева1, С.Т. Дуйсенбаева2, Ж.Т. Иманбердиева3

1,2,3М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
Бет 12-17

https://doi.org/10.55956/IEBT4719

Аңдатпа. Негізгі қаптағыш (футеровка) материалдары ретінде қымбат отқа төзімді заттар қолданылады (шамот, корунд, кордиерит, жоғары глинозем және т.б.), олар жоғары отқа төзімді болғанымен, жұмыс температурасы 1000-1300 0С дейінгі жылу қондырғыларында тиімсіз қолданылады. Ең арзан байлам-бұл техногендік шикізат негізінде жасалған тұтқыр заттар: кварциттер құм, домна және фосфор шлактары. Силикат-натрий композициялық тұтқырғышындағы ыстыққа төзімді бетон күйдіру температурасы 1000-нан 1300 0С-қа дейінгі керамикалық бұйымдарды, әкті және басқа материалдарды алу үшін пештердің пайдалану жағдайларына төтеп бере алады. Минералды шикізатты кешенді пайдалану негізінен Ресейден жеткізілетін қымбат, отқа төзімді өнімдерді үнемдеуге ғана емес, сонымен қатар аймақтағы экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Тірек сөздер: β-кварц, α-кварц, қатты фазалық процестер, ыстыққа төзімді бетон, далалық шпат бетон, силикат-натрий композициялық тұтқыр, кварцит бетон, модификация.

Баялиева, Г.М. Силикат-натрий композициялық тұтқыр негізінде ыстыққа төзімді бетондарды күйдіру кезінде болатын физикалық-химиялық процестерді зерттеу [Мәтін] / Г.М. Баялиева, С.Т. Дуйсенбаева, Ж.Т. Иманбердиева // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2023. – №1(79). – Б.12-17. https://doi.org/10.55956/IEBT4719

(PDF)

Автор: А.А. Сағындықов1, Б.А. Нұрлыбаев2, Е.А. Абуталипов3, А.Ж. Жұмабай4

1,2,3,4М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
Бет 6-11

https://doi.org/10.55956/JPGL3741

Аңдатпа. ЖЭС ұлпа күлдері негізінде жақсартылған құрылыс-пайдалану сипаттамаларға ие, дисперсті арматураланған автоклавты газ бетондарының құрамдары мен физикалық-механикалық қасиеттері арасындағы математикалық тәуелділіктері алынды.

Тірек сөздер: газ бетон, дисперсті арматура, ұлпа күл, газ түзгіш, беріктік, орташа тығыздық, жылу өткізгіштік.

Сағындықов, А.А. Физикалық-механикалық қасиеттері жақсартылған автоклавты газ бетондар [Мәтін] / А.А. Сағындықов, Б.А. Нұрлыбаев, Е.А. Абуталипов, А.Ж. Жұмабай // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2023. – №1(79). – Б.6- 11. https://doi.org/10.55956/JPGL3741

(PDF)