Home - Current issue - Mechanics & Technologies - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-4 - Шу өзеніндегі тасөткел су қоймасы бөгетінің сейсмикалық күштерге төзімділігі туралы
Шу өзеніндегі тасөткел су қоймасы бөгетінің сейсмикалық күштерге төзімділігі туралы
https://doi.org/10.55956/JKVG4974
Аңдатпа. Мақалада Шу өзеніндегі Тасөткел су қоймасы туралы айтылған. Тасөткел су қоймасы, Шонкемин өзені сағасынан төмен қарай батыс бағытта кеңейетін Шу аңғарының ортаңғы бөлігінде орналасқан. Су шаруашылығы есептері маусымдық ағынды реттеу үшін орындалған. Су қоймасының жұмыс істеуі мен толысу кезеңі су қоймасы тұстамасына ағып келетін ағын мен су тұтыну мөлшерінің қатынасымен анықталған. Су қоймасын толтыру қараша айынан басталып, сәуір айында ең үлкен көрсеткішіне жетеді, су қоймасының су беруі маусым айының екінші онкүндігінен басталып, қазан айының соңына дейін жалғасады. Су қоймасынан су тастау мөлшері артық ағын және төменгі ағыстағы суға қажеттілікпен анықталады. Су қоймасы қараша-желтоқсан айларында босатылады және ағып келетін ағынмен толтырылмай жұмыс істейді. Су тастағыш құрылымының барлық жапқыштары, ағын транзиті шамасын өткізуге ашық етіп қойылған.
Тірек сөздер: Шу өзені, Тасөткел су қоймасы, бөгет, су қоймасы сыйымдылығы, ағын, су шығарғыш, су тастағыш, тұстама, кәріз.
Момбаев, Қ.Ж. Шу өзеніндегі тасөткел су қоймасы бөгетінің сейсмикалық күштерге төзімділігі туралы [Мәтін] / Қ.Ж. Момбаев, М.Н. Сенников, Қ.Қ. Қалтай //Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №4(86). – Б.217-226. https://doi.org/10.55956/JKVG4974