Home - Archives - Mechanics & Technologies - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-3 - Селден қорғау құрылымдарын топтастыру және бөгеттерді шаюдан сақтау конструкциялары

Селден қорғау құрылымдарын топтастыру және бөгеттерді шаюдан сақтау конструкциялары

Автор: С.Қ. Жолдасов1, Е.Ш. Сейдуллаев2, М.М. Асылбек3, Б.О. Турлыбаева4

1,2,3,4 М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
Бет 257-269

https://doi.org/10.55956/DWOX8304

Аңдатпа. Ғылыми жұмыста сел ағыны орын алуы мүмкін бассейндердің инженерлік топтастырылуы (классификациясы) және су қоймасы қыраттарын селден қорғау құрылымдарының жаңа конструкциялары туралы жазылады. Нақты берілген жағдайлар үшін тиімді селге қарсы шаралар көп жағдайларда бір-біріне байланысты емес бірқатар айнымалылармен анықталады, олардың ішінде негізгілері болып табылатындары: бассейнде қалыптасатын сел генезисі мен түрі, оның арналық желісінің құрылымы және сел ағынының есептік (максималды) өтімінің мөлшері. Сондықтан, сел процесінің барлық жақтарын қамтитын, сел құбылысының қалыптасуынан бастап – селге қауіпті аумақта орналасқан халық шаруашылығы және рекреациялық нысандарды сел ағынынан қорғауға дейінгі шаралардан тұратын, біртұтас әмбебап селдер классификациясын жасау, іс жүзінде мүмкін емес. Әмбебап топтастыруды жасауға болады, тек, мысалы – генетикалық немесе тасындылық және т.б. Қарқынды және ұзақ нөсер жаңбыр жаууы нәтижесінде туындайтын сел ағыны қалыптасуымен күресудің ең тиімді шаралары – бұл, нөсер жаңбыр суларын реттеу, арынын төмендету және оны жайылтып жіберу. Бұл мақсат үшін келесі қорғау жұмыстары қаралады, яғни, – тау немесе су қоймасы қыраты бөліктерінде бұталар мен шөптесін отырғызу, оларды шағын каналдар түрінде террасаларға бөлу, сел ағынын бір-біріне қосатын және бұратын канал-қазындылар, топырақтың құнарлы қабатын сақтау және дамыту, және де басқа тау қыраттарын эрозиядан қорғауға бағытталған әртүрлі шаралар жүргізіледі.

Тірек сөздер: сел, сел ағыны алабы, сел ағыны алаптарын инженерлік топтастыру, сел құбылысы, бассейндегі сел ағындарының қалыптасу генезисі, қойма бөгеттерін селден қорғау, инженерлік селден қорғау құрылымдары конструкциялары.

Жолдасов, С.Қ. Селден қорғау құрылымдарын топтастыру және бөгеттерді шаюдан сақтау конструкциялары [Мәтін] / С.Қ. Жолдасов, Е.Ш. Сейдуллаев, М.М. Асылбек, Б.О. Турлыбаева // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №3(85). – Б.257-269. https://doi.org/10.55956/DWOX8304

(PDF)