Home - Archives - Mechanics & Technologies - Механика және технологиялар 2021-2

Механика және технологиялар 2021-2
Автор: Е.Е. Дуйсембиев
Бет 113-119

https://doi.org/10.55956/ZTOY6338

Аңдатпа. Жұмыста, кернеу векторы кеңістіктегі бағытын сақтайтын, ал модульі гармоникалық заңға сәйкес өзгеретін жоғары жиілікті біртекті импульсті магнит өрісіндегі өткізгіш, магниттік емес қатты дененің қозғалысы қарастырылады. Өткізгіш қатты дененің қозғалыс теңдеулері сыртқы магнит өрісімен әрекеттескенде денеде пайда болатын құйынды токтардың моменті әсерінен құрылады.

Тірек сөздер: гироскоп, жоғары жиілікті магнит өрісі, тұрақты прецессия, нутация бұрышы.

Дуйсембиев, Е.Е. Біртекті импульсті магнит өрісіндегі қатты дене қозғалысының жуық теңдеулері [Мәтін] / Е.Е. Дуйсембиев // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2021. – №2(72). – Б.113-119. https://doi.org/10.55956/ZTOY6338

(PDF)

Автор: Т.С. Жүсіп, А.А. Омарова, А.О. Жанпейісова, Н.Ш. Абдлахатова
Бет 106-112

https://doi.org/10.55956/XATB1105

Аңдатпа. Мақалада индуктивті-сыйымдылықты түрлендіргіш пен көпір түрлендіргіші негізінде сыйымдылықты энергияны сақтаудың ұтымды қорек схемасын таңдау мәселелері қарастырылған. Сондай-ақ, қосымша электромагниттік параметрлерді ескеруге және негізгі шығындарды есептеуге мүмкіндік беретін жоғары вольтты жоғары жиілікті трансформатордың нақтыланған моделі ұсынылған. Әзірленген модель негізінде электрмен жабдықтау схемалары оңтайландырылған. Бір циклді түрлендіргішті, итергіш-түрлендіргішті, көпір түрлендіргішті және индуктивті-сыйымдылықты түрлендіргіш пен көпір түрлендіргішті модельдеу жүргізілген. Соның негізінде электрмен жабдықтау тізбектері оңтайландырылған.

Тірек сөздер: транзисторлық инвертор, индуктивті-сыйымдылықты түрлендіргіш, конденсатор, зарядтау уақыты.

Жүсіп, Т.С. Индуктивті-сыйымдылықты түрлендіргішті зерттеу [Мәтін] / Т.С. Жүсіп, А.А Омарова, А.О. Жанпейісова, Н.Ш. Абдлахатова // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2021. – №2(72). – Б.106-112. https://doi.org/10.55956/XATB1105

(PDF)

Автор: А.Д. Мехтиев, Е.Ж. Сарсикеев, М.К. Ибраев, Е.Г. Нешина, А.Д. Алькина, Е.Н. Биличенко
Страница 94-105

https://doi.org/10.55956/DTVX6958

Аннотация. Представлены результаты лабораторных исследований устройства для электромагнитной обработки воды. Установлено, что по данным анализа изменений физико-химического состава очищенной воды в промышленных условиях, можно сделать вывод, что при электромагнитной обработке воды: содержание таких параметров, как сульфаты и кальций, в очищенной воде увеличивается, а показатели, такие как железо и кислород, уменьшаются; не отмечено резких изменений в параметрах очищенной воды, таких как жесткость, щелочность, хлорид, магний и общая минерализация; в течение начального периода работы устройства электромагнитной подготовки воды наблюдается временное увеличение уровней твердости, щелочности, кальция и общей минерализации, что свидетельствует об эффективности данной обработки воды в масштабе времени.

Ключевые слова: степень жесткости воды, генератор электромагнитного поля, предотвращение образования накипи, эффективность работы теплоэнергетического оборудования, способы умягчения воды, процесс активизации центров кристаллизации.

Мехтиев, А.Д. Использование генераторов электромагнитного поля для предотвращения образования накипи на поверхностях нагрева [Текст] / А.Д. Мехтиев, Е.Ж. Сарсикеев, М.К. Ибраев, Е.Г. Нешина, А.Д. Алькина, Е.Н. Биличенко // Механика и технологии / Научный журнал. – 2021. – №2(72). – С.94-105. https://doi.org/10.55956/DTVX6958

(PDF)

Автор: А.Б. Cаршаева, А.С. Умирбекова, А.С. Клышбекова, А.Д. Оңғарбай, А.У. Кенжебек
Бет 87-93

https://doi.org/10.55956/VWML6943

Аңдатпа. Мақалада ет өнімдерінің микрофлорасы, еттің микроағзалармен ластану жағдайлары және олардың түрлеріне қатысты мәліметтер қарастырылған. Ет және ет өнімдерінің сапасына әсер ететін микроағзаларға сипаттама берілген. Ет микробиологиясы, жануарлар ағзасының микрофлорасы олардың жұғу жолдарына ерекше назар аударылған. Ет шұжықты өнімдерінің технологиясындағы бактериалды препараттары, сонымен қатар B.Longum бактериялды препараты және оны енгізудің технологиялық сызбасы көрсетілген. Pediococcuscerevisiae штаммының ет шұжықты өнімдер өндірісінде қолданылу аясы қарастырылған.

Тірек сөздер: ет өнімдері, ысталған шұжық, ет микробиологиясы, B. Longum бактериялды препараты, Pediococcuscerevisiae штаммы.

Саршаева, А.Б. Шала ысталған шұжық өндірісінде Pediococcus Cereviasiae штаммын және B.Longum бактериялды препаратын қолдану [Мәтін] / А.Б. Саршаева, А.С. Умирбекова, А.С. Клышбекова, А.Д. Оңғарбай, А.У. Кенжебек // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2021. – №2(72). – Б.87-93. https://doi.org/10.55956/VWML6943

(PDF)

Автор: Н. Апбасова, Я.М. Узаков, Г.М. Токышева
Бет 81-86

https://doi.org/10.55956/HBZC3198

Аңдатпа. Мақалада ет саласындағы екіншілік шикізатты пайдалану мәселелері қарастырылған. Ет өнімдерінде өсімдік қоспаларын қолдану келешегі талқыланды. Ақуыз көздері болып табылатын І категориялы субөнімдердің физикалық-химиялық құрамы зерттелді. Зерттеу нәтижесінде І категориялы субөнімдер ішіндегі бауырда 6900 мкг/г темір анықталып, басқа субөнімдердің көрсеткіштерінен жоғары болды. Ет-өсімдікті паштет өнімінің рецептурасы құрастырылды. Өнімнің рецептуралық құрамы келесі заттардан тұрады: субөнімдер (бауыр, жүрек) - 45%, нұт – 25%, өсімдік майы – 5%, сорпасы, пияз, тұз, дәмдеуіштер. Ет-өсімдікті паштет технологиясы сипатталды.

Тірек сөздер: паштет, субөнімдер, өсімдік қоспалар, нұт, ет-өсімдікті өнімдер, ет, ет өңдеу.

Апбасова, Н. Жұмсақ қаптамадағы ет-өсімдік консервілерінің технологиясын жетілдіру [Мәтін] / Н. Апбасова, Я.М. Узаков, Г.М. Токышева // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2021. – №2(72). – Б.81-86. https://doi.org/10.55956/HBZC3198

(PDF)

Автор: А.С. Клышбекова, С.Ж. Әбілқасым, А.С. Умирбекова, Л.Ж. Алашбаева, С.М. Ергалиева
Бет 75-80

https://doi.org/10.55956/TDGF1469

Аңдатпа. Мақалада сәбіз және алма езбесін әртүрлі мөлшерде біріктіріп қолданудың конфет тұрқыларының сапасына әсері зерттелген. Конфет тұрқыларының технологиясын жасау барысында пісірілген сәбіз және алма езбесі қолданылды. Алма езбесі сәбіз езбесіне қатысты алғанда 30, 20, 15 және 10% мөлшерінде қосылды. Зерттеу нәтижесінде, құрамында 30% алма езбесі бар конфет тұрқыларының құрылымы иілімді – беріктеу және сақтау процесіне тұрақтырақ болатындығы анықталды. Осылайша, дайын конфет тұрқыларындағы алма езбесінің 30% мөлшері тиімді проценттік мөлшер екендігі анықталды.

Тірек сөздер: жемісті конфет массалары, көкөністер, сәбіз-алма езбесі, көкөністі конфет тұрқылары, редуцирлейтін заттар мөлшері.

Клышбекова, А.С. Конфет тұрқыларының сапасына сәбіз бен алма езбесін түрлі мөлшерде біріктіріп қолдану әсері [Мәтін] / А.С. Клышбекова, С.Ж. Әбілқасым, А.С. Умирбекова, Л.Ж. Алашбаева, С.М. Ергалиева // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2021. – №2(72). – Б.75-80. https://doi.org/10.55956/TDGF1469

(PDF)