Home - Archives - Mechanics & Technologies - Механика және технологиялар 2021-1

Механика және технологиялар 2021-1
Автор: Э.М. Туркеева, Ш.Б. Тасыбаева, Б.Т. Абдижаппарова, А.А. Сапарбекова
Бет 27-34

https://doi.org/10.55956/BKIQ3545

Аңдатпа. Сүт сарысуының ақуыздары табиғаттағы ең толық тағамдық ақуыздар болып саналады. Сүт сарысу ақуыздары тағамдардың биологиялық құндылығын едәуір арттыра алуының арқасында, оларды тағамдық мақсатта қолдануының практикалық маңызы зор. Мақалада сүт сарысуы ақуыздарының ерекше қасиеттері мен функциялары, сондай-ақ олардың аминқышқылдарының құрамы бойынша жануарлар мен өсімдік тектес басқа ақуыз қосылыстарына қарағанда басымдығы сипатталған. Осыған орай сүт сарысу ақуыздары концентратын жасау және өндіру саласы үнемі даму үстінде болғандықтан, олардың адамның тамақтануындағы рөлі артып келеді. Көптеген ғылыми топтар балалардың, жасөспірімдердің, қарттардың, спортшылардың және халықтың басқа топтарының тамақтануына арналған сүт сарысу ақуыздарының концентратын қосып, жаңа өнімдерді жасау және қолданыстағы өнімдерді жақсарту бойынша терең зерттеулерді жалғастыруда.

Тірек сөздер: сүт өнімдері, сүт сарысу ақуыздары, биологиялық құндылығы, функционалды тағамдар, сарысу ақуыздарының функциялары.

Туркеева Э.М. Сүт сарысу ақуыздарының маңызы және оларды тағамдарда пайдалану [Мәтін] / Э.М. Туркеева, Ш.Б. Тасыбаева, Б.Т. Абдижаппарова, А.А. Сапарбекова // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2021. – №1(71). – Б.27-34. https://doi.org/10.55956/BKIQ3545

(PDF)

Автор: А.Б. Нұртаева, Е.М. Тұрғынбай, А.Ә. Нурмахан, Б. Калемшарив
Бет 21-26

https://doi.org/10.55956/OQGW5765

Аңдатпа. Мақалада өсімдік шикізатын пайдалану арқылы дайындалатын сүт қышқылды өнімдер қарастырылған. Сүтқышқылды өнімнің түрлері мен өсімдік шикізатына қысқаша сипаттама келтірілген. Сүтқышқылды өнімдердің адам ағзасына келтіретін пайдасы орасан зор. Оларға барлық сүт қышқылды және аралас ашыту арқылы алынатын айран, қымыз, қаймақ, сүзбе және ірімшік сияқты табиғи өнімдер жатады. Ірімшікті дайындау үшін сиырдың, қойдың, ешкінің сүттері қолданылады. Арнайы әдіспен дайындалған тұзды сарысуға салу арқылы тұздайды. Ірімшіктің заманауи өндірісінде жұмсақ ірімшік өндіру үшін болгар таяқшалары қолданылады. Жұмсақ ірімшіктерді өндірудегі басты ерекшелік, бастапқы өнім жоғарғы температурада пастеризациядан өтеді. Өнімді дайындаудағы мұндай технологиялық элемент ірімшік өндіруде орасан зор пайдасын тигізеді.

Тірек сөздер: жұмсақ ірімшік, сүт қышқылды өнімдер, технология, бақылау, табиғи өнімдер, аскөк, руккола, ешкі сүті.

Нұртаева, А.Б. Өсімдік қоспасымен байытылған жұмсақ ірімшік жасау технологиясын жетілдіру [Мәтін] / А.Б. Нұртаева, Е.М. Тұрғынбай, А.Ә. Нурмахан, Б. Калемшарив // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2021. – №1(71). – Б.21-26. https://doi.org/10.55956/OQGW5765

(PDF)

Автор: А.Б. Нұртаева, Е.М. Тұрғынбай, А.Ә. Нурмахан, Б. Калемшарив
Бет 12-20

https://doi.org/10.55956/HIEZ4833

Аңдатпа. Мақалада сүзбе мен ірімшік сарысуы және сүт сарысуының физикалық-химиялық қасиеттері және зерттелуі қайта өңдеуге арналған құнды шикізат ретінде қарастырылады. Оның алынуы, жіктелуі, түрлері, биохимиялық және аминқышқылдарының құрамы, әртүрлі салаларда қолданылуы қарастырылған. Сүт сарысуын қолдану аясының қысқаша сипаттамасы келтірілген. Екінші реттік шикізаттың ерекшеліктері - сүт сарысуы және оның адам ағзасына оң әсері көрінеді. Сүзбе, ірімшік және казеин сарысуының (екінші шикізат) пайдасы мол тамақ өнімдері мен сусындар шығаруға болатындығы атап өтілген. Сондай-ақ, сиыр мен ешкі сүтінен алынған ірімшік сарысуын зерттеудің нәтижелері келтірілген. Биохимиялық құрамы жағынан бұл сарысу адам ағзасына жағымды ферменттерге бай, сондықтан оны тамақ өнімі ретінде кеңінен қолдану мүмкіндігі негізделген.

Тірек сөздер: сүзбе және ірімшік сарысуы, ақуыз, лактоза, минералдық құрамы, технология, казеинді, аминқышқылдары, құрылымдық дәрумендер.

Нұртаева, А.Б. Сүзбе, ірімшік сарысуының физикалық-химиялық қасиеттерін талдау және зерттеу [Мәтін] / А.Б. Нұртаева, Е.М. Тұрғынбай, А.Ә. Нурмахан, Б. Калемшарив // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2021. – №1(71). – Б.12-20. https://doi.org/10.55956/HIEZ4833

(PDF)

Автор: К.Х. Шайкенова, Қ.М. Омарова, Б.Ш.Джетписбаева
Страница 7-11

https://doi.org/10.55956/JOJB3792

Аннотация. В статье рассмотрена молочная продуктивность и состав молока коров молочно-товарной фермы ТОО «Камышенка». Средняя молочная продуктивность по стаду составляет 5460 кг. Качественный состав молока показал, что жирность молока составило в среднем 3,7%, содержание белка – 3,23%. Также установлено, что приготовленный йогурт отличается продолжительным сроком хранения, хорошими органолептическими и физико-химическими показателями, и не требует изменений технологического процесса производства продукта.

Ключевые слова: молоко, молочная продуктивность, йогурт, жирность молока, закваска.

Шайкенова, К.Х. Исследование молока и молочной продукции молочно-товарной фермы ТОО «Камышенка» [Текст] / К.Х. Шайкенова, Қ.М. Омарова, Б.Ш. Джетписбаева // Механика и технологии / Научный журнал. – 2021. – №1(71). – С.7- 11. https://doi.org/10.55956/JOJB3792

(PDF)