Home - Archives - Mechanics & Technologies - Механика және технологиялар 2021-1 - Сүт сарысу ақуыздарының маңызы және оларды тағамдарда пайдалану
Сүт сарысу ақуыздарының маңызы және оларды тағамдарда пайдалану
https://doi.org/10.55956/BKIQ3545
Аңдатпа. Сүт сарысуының ақуыздары табиғаттағы ең толық тағамдық ақуыздар болып саналады. Сүт сарысу ақуыздары тағамдардың биологиялық құндылығын едәуір арттыра алуының арқасында, оларды тағамдық мақсатта қолдануының практикалық маңызы зор. Мақалада сүт сарысуы ақуыздарының ерекше қасиеттері мен функциялары, сондай-ақ олардың аминқышқылдарының құрамы бойынша жануарлар мен өсімдік тектес басқа ақуыз қосылыстарына қарағанда басымдығы сипатталған. Осыған орай сүт сарысу ақуыздары концентратын жасау және өндіру саласы үнемі даму үстінде болғандықтан, олардың адамның тамақтануындағы рөлі артып келеді. Көптеген ғылыми топтар балалардың, жасөспірімдердің, қарттардың, спортшылардың және халықтың басқа топтарының тамақтануына арналған сүт сарысу ақуыздарының концентратын қосып, жаңа өнімдерді жасау және қолданыстағы өнімдерді жақсарту бойынша терең зерттеулерді жалғастыруда.
Тірек сөздер: сүт өнімдері, сүт сарысу ақуыздары, биологиялық құндылығы, функционалды тағамдар, сарысу ақуыздарының функциялары.
Туркеева Э.М. Сүт сарысу ақуыздарының маңызы және оларды тағамдарда пайдалану [Мәтін] / Э.М. Туркеева, Ш.Б. Тасыбаева, Б.Т. Абдижаппарова, А.А. Сапарбекова // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2021. – №1(71). – Б.27-34. https://doi.org/10.55956/BKIQ3545