Home - Current issue - Mechanics & Technologies - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-2 - Тарау жылдамдығының иірім жіптің сапалық көрсеткіштеріне әсері

Тарау жылдамдығының иірім жіптің сапалық көрсеткіштеріне әсері

Автор: А.А. Ешжанов, Г.К. Мурзабаева, С.Т. Тожимирзаев, Р.Т. Калдыбаев, Б. Абзалбекұлы, А.А. Батыркулова
Бет 327-337

https://doi.org/10.55956/GYME4749

Аңдатпа. Иіру өндірісінде тарау үрдісі таспаның сапасына және сонымен қатар алынатын иірімжіптің сапалық қасиеттеріне де үлкен әсер етеді. Бұл зерттеу жұмысы тарамды шығару жылдамдығын өзгерту арқылы иірімжіптің сапасын негіздеуге арналды. Тарамды шығарудың әртүрлі жылдамдығында алынған иірімжіптің сапалық қасиеттерінің өзгеруі Uster® жүйесіндегі зертханалық жабдықтарда сарапталды. Зерттеудің негізгі мақсаты төмен сызықтық тығыздықты иірімжіпті алу үшін қажетті тарамды шығарудың оңтайлы жылдамдығын анықтау. Номері Ne 40/1 (14,5 текс) иірімжіпті алу Zinser® сақиналы иіру машинасында жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде таралған өнімді шығару жылдамдығының иірімжіптің сапалық көрсеткіштеріне әсерін анықтау барысында шығару жылдамдығы 180 м/минтан 210 м/мин-қа артқан сайын иірімжіптің біртегіссіздігі 10,9% -дан 12,3%-ға аз мәнде артатыны, иірімжіпте ақаулардың саны (IPI) 129-дан 373-ке дейін үздіксіз көбейуі анықталды. Зерттеу барысында шығару барабаны жылдамдығының жоғарылауымен, иірім жіптің беріктігі 16,8 сN/tex-тен 16,0 сN/tex-ке төмендеді. Шығару жылдамдығы 180 м/мин мен 210 м/мин аралығында иірімжіптің түктілігі аз деңгейде 4,2%-дан 4,8%- ға жоғарылағаны байқалды. Таралған өнімді шығару жылдамдығының жоғарылауынан иірімжіптің ұзаруы 5,42%-дан 5,25%-ға төмендегені анықталды.

Тірек сөздер: тарақ таспасы, шығару жылдамдығы, иірімжіп, біртегіссіздік, ақаулар, беріктік, түктілік, ұзару.

Ешжанов, А.А. Тарау жылдамдығының иірім жіптің сапалық көрсеткіштеріне әсері [Мәтін] / А.А. Ешжанов, Г.К. Мурзабаева, С.Т. Тожимирзаев, Р.Т. Калдыбаев, Б. Абзалбекұлы, А.А. Батыркулова // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №2(84). – Б.327-337. https://doi.org/10.55956/GYME4749

(PDF)