Home - Current issue - Mechanics & Technologies - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2023-4 - Шоғырланған энергия ағындары бар қондырғылардың қорек көздері

Шоғырланған энергия ағындары бар қондырғылардың қорек көздері

Автор: А.О. Жанпейісова

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
Бет 149-155

https://doi.org/10.55956/OMYI9979

Аңдатпа. Мақалада заманауи технологиялық процестердің кеңінен қолдануына байланысты машина жасау, аспап жасау, металлургия және басқа салалардағы ғылыми прогресс қарастырылады. Сондай-ақ, олардың арасында энергия ағындары шоғырланған жылу көздерін пайдаланатын қондырғылар маңызды орын алады. Плазмалық қондырғылар дәнекерлеу, кесу, металдарды балқыту, жабындарды бүрку және балқыту, кендерді байыту және басқа мақсаттарда кеңінен қолданылады. Қондырғылардың вольт-амперлік сипаттамасы берілген және осы технологиялық процестердің көмегімен аймақтардағы шығыс кернеуін немесе токты реттеу арқылы жылытқыштың қуатын реттеу мүмкіндігі көрсетілген. Айнымалы ток желісінің кернеу реттегіші және бір мәннен екіншісіне кернеу түрлендіргіші ретінде басқару жүйесі бар тиристорлық кернеу реттегіштерін немесе түрлендіргіш трансформаторды пайдалану мүмкіндігі көрсетілген.

Тірек сөздер: инвертор, түзеткіш, жинақтауыш, шығыс шамасының тұрақтандырғышы, басқару және өлшеу элементтері, жүктеме.

Жанпейісова, А.О. Шоғырланған энергия ағындары бар қондырғылардың қорек көздері [Мәтін] / А.О. Жанпейісова // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2023. – №4(82). – Б.149-155. https://doi.org/10.55956/OMYI9979

(PDF)