Home - Current issue - Mechanics & Technologies - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2023-4 - Өсімдік шикізатын қолданып ет жартылай фабрикатының технологиясын жетілдіру

Өсімдік шикізатын қолданып ет жартылай фабрикатының технологиясын жетілдіру

Автор: С. Әлтайұлы1, Р.Б. Шамакова2

1,2С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана қ., Қазақстан
Бет 30-37

https://doi.org/10.55956/IUOE5207

Аңдатпа. Мақалада өсімдік шикізатын қолдана отырып ет жартылай фабрикатының технологиясын жасау көрсетілген. Негізгі шикізат көздері ретінде жылқы және құс еттері таңдалды. Өсімдік шикізаты ретінде асқабақ алынды, осыған байланысты асқабақтың химиялық құрамы зерттелді, ол құрамында минералды заттар мен дәрумендердің жоғары құрамын көрсетті. Котлет жартылай фабрикатын дайындау барысында, құрамында қосымша шикізат ретінде қосылатын жұмыртқаның орнына сұлы жармасы қосылды, себебі, сұлы жарамасы өзінің пайдалылығымен қоса өнімге жұмсақ, нәзік қасиет береді және котлет формасын жақсы ұстайды. Зерттеу нәтижесінде ұсақталып қосылған асқабақтың жылқы және құс еттерінің органолептикалық көрсеткіштеріне әсері зерттелді, дәмінің, түсінің өзгеруіне, сапа көрсеткіштеріне әсер етуіне байланысты мөлшерлері таңдалды. Тағамдық құндылығы жоғары жаңа функционалды өнім алынды.

Тірек сөздер: функционалды өнім, тағамдық құндылығы, нәзік қасиет, сұлы жармасы, минералды заттар, органолептикалық көрсеткіштер, котлет формасы.

Әлтайұлы, С. Өсімдік шикізатын қолданып ет жартылай фабрикатының технологиясын жетілдіру [Мәтін] / С. Әлтайұлы, Р.Б. Шамакова // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2023. – №4(82). – Б.30-37. https://doi.org/10.55956/IUOE5207

(PDF)