Home - Current issue - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-2 - Өндіріс қалдығы фосфогипсті құрылыста гипс байланыстырушы материал ретінде зерттеу

Өндіріс қалдығы фосфогипсті құрылыста гипс байланыстырушы материал ретінде зерттеу

Автор: Д.А. Кулбаева, Г.А. Сейтбекова, А. Шолақ, А.Н. Нұрлыбаева, Н.С. Мурзакасымова
Бет 246-254

https://doi.org/10.55956/YXJV4184

Аңдатпа. Өндіріс қалдығы фосфогипсті қайта өңдеп кәдеге пайдалану мүмкіншіліктері анықталды. Фосфогипсті пайдалануға байланысты мәселелерді шешу, кейбір жағдайларда, құрамында фосфоры бар тыңайтқыштар өндіретін жаңа кәсіпорындарды салу және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту немесе одан әрі пайдалану шарттары қарастырылды. Өндірістегі үйіндіден алынған фосфогипстің химиялық құрамы мен ауыр металдармен фосфогипстің химиялық құрамдары анықталды. «Өндіріс қалдығы фосфогипсті құрылыста гипс байланыстырушы материал ретінде зерттеу және қолдану» тақырыбы бойынша зерттеулер жүргізілді. Фосфогипстен гипс байланыстырушы материалды жасау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп зерттелінді. Жүргізілген зертхананың, сондай-ақ сыналатын материалдардың, үлгілердің және аспаптардың температурасы талап бойынша сақталынып отырды. Бөлмедегі температура, салыстырмалы ылғалдылықпен тұрақталынып отырды. Өндіріс қалдығы фосфогипсті құрылыс материалдарына пайдалану мүмкіншілігі қарастырылды. Тұтқырдағы металл қоспаларының мөлшерін анықтау және меншікті бетінің ауданын анықтау бекітілген әдістемелік нұсқаулықпен жасалынып анықталды.

Тірек сөздер: фосфогипс, экстракция, пульпация, фосфарит, арбитраж, сынама.

Кулбаева, Д.А. Өндіріс қалдығы фосфогипсті құрылыста гипс байланыстырушы материал ретінде зерттеу [Мәтін] / Д.А. Кулбаева, Г.А. Сейтбекова, А. Шолақ, А.Н. Нұрлыбаева, Н.С. Мурзакасымова // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №2(84). – Б.246-254. https://doi.org/10.55956/YXJV4184

(PDF)