Home - Archives - Bulletin Dulaty University - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2023-4 - Педагогикалық ілімдер жүйесі қалыптасуындағы Мұхаммед Хайдар Дулати еңбектерінің үлесі

Педагогикалық ілімдер жүйесі қалыптасуындағы Мұхаммед Хайдар Дулати еңбектерінің үлесі

Автор: Б.Қ. Орынбасар

Магистрант, аға ғылыми қызметкер, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
Бет 46-56

https://doi.org/10.55956/JKTQ3416

Аңдатпа. Мақалада шығыс жұлдыздарының бірі, қазақ елінің тарихын жазған ең бірінші адам – Мұхаммед Хайдар Дулат еңбектерінде жетекшілік ететін педагогикалық ойлар талданады. Автордың "Тарих-и Рашиди" деген тарихи-әдеби шығармасы мен "Жаһаннаме" поэмасы бар. Екеуінің жанры бөлек болғанмен, мақсаты мен идеясы үндес келеді. Жаһандану заманында діңгегі берік болу үшін жастарға орта ғасыр шығармаларын таныстырып қана қоймай, олардың тұлғалық дамуына негіз болатын асыл қазынаны таныту зерттеудің өзектігін көрсетеді. Мұхаммед Хайдар Дулаттың өзі де көпке өнеге ұлы тұлға. Оның еңбектеріндегі педагогикалық ілімнің бастаулары ислам мәдениеті мен халықтық педагогикадан нәр алады. Оның еңбегі жастарды отансүйгіштікке, имандылыққа, білімді болуға, әділдікке, шыншылдыққа баулиды. Мақалада "Тарих-и Рашидидің" зерттелу жайы, педагогикалық ойлары, сопылық ілімнің бастаулары айтылды. Зерттеудің мақсаты – Мұхаммед Хайдар Дулат еңбектерінің педагогикалық қырын анықтау, оқытуда автордың әңгімелерін қолдануға мүмкіндік беру. Білім беру мен тәрбиелеуде тұлғатану бағыты бойынша "Тарих-и Рашидидегі" Моғолстан хандарының тұлғасын нысанаға алуға болады. Осы орайда білім алушыларға "Сұлтан Саид ханның мақтан етерлік қасиеті және ерекше мінезі жайында әңгіме" тарауы ұсынылды.

Тірек сөздер: ислам педагогикасы, философиялық-педагогикалық концепциялар, тарихи еңбек, рухани тәрбие, М.Х.Дулати.

(PDF)