Home - Archives - Bulletin Dulaty University - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2023-4 - Экологиялық қолайсыз жағдайдағы тұлғалардың психологиялық ерекшеліктері

Экологиялық қолайсыз жағдайдағы тұлғалардың психологиялық ерекшеліктері

Автор: Г.С.Турсунгожинова

Психолог. Ғылым. канд., Шәкәрім университеті, Семей, Қазақстан
Бет 86-90

https://doi.org/10.55956/eumx9547

Аңдатпа. Мақалада экологиялық қолайсыз жағдайдағы тұлғалардың психологиялық ерекшеліктері туралы мәселе қарастырылған. Экологиялық қолайсыз жағдай адам ағзасына теріс және зиянды әсерін зерттеу, кейіннен жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық шиеленістеріне әкелетін ең өзекті, әрі ғылыми-зерттеуді қажет ететін міндеттердің бірі болып табылады. Оны шешу үшін әртүрлі мамандардың, соның ішінде экологтардың, дәрігерлердің, психологтардың, педагогтардың ізденісі қажет. Мәселен, кез келген адамзаттың толыққанды өмір сүруіне, психологиялық қауіпсіздігіне, сонымен қатар, ядролық полигон сынақтарынан зардап шеккен халықтың өмірі мен тіршілігіне, денсаулығы мен психологиялық саулығын қамтамасыз етуге қызығушылық танытқандардың бірлескен күш-жігерін жұмсауын талап етеді.

Тірек сөздер: экологиялық қолайсыз жағдай, ядролық сынақ, адамзаттың толыққанды өмір сүруі, психологиялық қауіпсіздік.

(PDF)