Home - Archives - Bulletin Dulaty University - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2023-4 - Жоғары оқу орындарындағы интроверт студенттердің мінез-құлық ерекшеліктеріне сәйкес, оларды оқытудағы тиімді әдістер мен ұсыныстар

Жоғары оқу орындарындағы интроверт студенттердің мінез-құлық ерекшеліктеріне сәйкес, оларды оқытудағы тиімді әдістер мен ұсыныстар

Автор: А. Бермағанбетова

Магистрант, Astana IT University, Астана қ., Қазақстан
Бет 40-45

https://doi.org/10.55956/HKLV3944

Аңдатпа. Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарындағы (ЖОО) интроверт білімгерлердің мінез-құлық ерекшеліктерін оқу процесінде ескеріп, оларға жеке тәсілдерді қарастыру өзекті болып отыр. Өйткені оларға ұялшақтық, ұяңдық, тұйықтық секілді сипаттар тән, әсіресе аудитория алдында сөйлеуге, сұрақтарға ауызша жауап беруге, топтық жобаларға қатысуға мәжбүр болған жағдайда өздерін мазасыз сезінеді. Сайып келгенде олардың сабақ кезінде белсенділік танытпай, кері байланыс бермеуі себепті, оқытушыларға интроверт білімгерлердің тақырыпты қаншалықты түсінгендерін анықтау қиынға соғады. Сондықтан интроверт студенттердің мінез-құлық ерекшеліктеріне ЖОО-да көңіл бөліну керек. Зерттеу мақаласында интроверт білімгерлерді оқытуда жеке тәсілдің қолданылуы анықталады. Сонымен қатар, батыс зерттеушілерінің жұмыстарына контент-анализ жасалынып, интроверт студенттерді оқытудың тиімді әдістері мен ұсыныстары беріледі.

Тірек сөздер: интроверт, жоғары оқу орындары, мінез-құлық, оқыту процесі.

(PDF)