Home - Archives - Bulletin Dulaty University - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2023-2 - Туристтік имиджді қалыптастыру негізінде ұлттық кәдесый өнімдерін ұсыну

Туристтік имиджді қалыптастыру негізінде ұлттық кәдесый өнімдерін ұсыну

Автор: А.К. Кудабаева, А.Е. Жұмабаева
Бет 127-132

https://doi.org/10.55956/DBXC1466

Аңдатпа. Мақалада туристік өнімдерді дамыту аясында кәдесыйларды дайындау жұмыстары қарастырылған. Қазақ мәдениетінің ұлттық нышаны болып табылатын былғарыдан жасалған кәдесый өнімдерін ұсыну өзекті болып табылады. Кәдесыйлар тұтынушыға қолжетімді және сапалы болуымен ерекшеленеді. Туристтер өздерімен бірге кәдесыйларды алып кетуі арқылы, еліміздің мәдениеті мен салт-дәстүрін әлемдік аренаға танылуына септігін тигізеді. Сонымен қатар зерттелген жұмыста кәдесыйлардың бірнеше түрлері мен жасалу әдістері қарастырылған. Осы жұмыста кәдесыйларды былғарыдан жасау технологиясы зерттеліп еліміздің туризмінің имидждік сапасын қалыптастыру мақсатында былғарыдан сегізбұрышты панно дайындалған. Бұйымда салт-дәстүр мен музыкалық аспаптар акрил бояуымен бейнеленген. Былғарыдан жасалған қандай зат болсын экологиялық таза өнім болғандықтан сапалы болып табылады.

Тірек сөздер: кәдесый, туризм, былғары, ұлттық элементтер, дәстүрлер.

(PDF)