Home - Archives - Bulletin Dulaty University - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2023-2 - Аминқышқылдары мен натрий тиосульфаты ерітіндісінің физико-химиялық қасиеттерін зерттеу

Аминқышқылдары мен натрий тиосульфаты ерітіндісінің физико-химиялық қасиеттерін зерттеу

Автор: Х.Р. Садиева, А.Н. Нурлыбаева, С.Т. Дүйсенбаева, Н.А. Есенжол
Бет 107-115

https://doi.org/10.55956/HTZG4272

Аңдатпа. Бұл жұмыста цистеин бар тиоқосылыстар мен амин қышқылдарының қосылыстарынан жасалған препараттар құрамы зерттелді. Аминқышқылдары мен натрий тиосульфаты құрылымын синтездеп және олардың қасиеттеріне заманауи физико-химиялық зерттеу әдістері инфрақызыл спектроскопия, рентгенодифрактометриялық, pH – метрлік талдаулар жүргізілді. Аминқышқылдарының натрий тиосульфатымен реакцияға түсу қабілеті зерттелді. Цистеин қосылысы бар тиоқосылыстар мен амин қышқылдарының қосылыстарынан жасалған препараттар адам ағзасындағы әртүрлі бактерияларды жоюға көмектеседі. Натрий тиосульфаты медицинада ағзаны улы цианид қосылыстарынан тазарту үшін қолданылады.

Тірек сөздер: цистеин, аргинин, рентгендік дифрактометриялық талдау, фазалық құрамы, кристалдық фаза.

(PDF)