Home - Archives - Bulletin Dulaty University - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2023-2 - Кіріктірілген тапсырмаларды қолдану арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту

Кіріктірілген тапсырмаларды қолдану арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту

Автор: Б.Т. Бухарбекова, А. Умиралиева, А.А. Таласбаев
Бет 55-64

https://doi.org/10.55956/WTEC3149

Аңдатпа. Авторлардың зерттеу жүргізудегі басты мақсаты - кіріктірілген тапсырмалар арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын арттыру. Зерттеу барысында гипотеза жасау, модельдеу, мәселені анықтау және шешімдерін табу, дәлелдеу, математикалық арақатынастыры мен тәуелділіктерді бағалау, нәтижелерді қорытындылау дағдыларын дамыту көзделді. Бұл зерттеу пән мұғалімдеріне оқу мақсаттарына сай кіріктірілген тапсырмалар дайындауға және оқыту үдерісінде оқушылардың қабілеттері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға, оқушылардың мәселені анықтау, шешімдерін табу дағдыларын дамыту арқылы концептуалдық түсінігін қалыптастыру тәжірибесімен бөлісіп, дамытуға көмектеседі. Зерттеу барысында қазақстандық және шет елдік ғалымдардың Felton, M. Complex Instruction; Қожабаев Қ. Математиканы оқыту әдістері, оқыту туралы еңбектеріне сүйене отыра жүргізілді. 1970 жылдары Корнель университетінің ғалымы Джозеф Новак ұсынған концептуалдық карта (concept map) құралын қолданып пәнаралық байланысы талданды. Сонымен қатар «оқыту мен оқуды жүйелі бақылау» әдісін жүргізу арқылы зерттеуге қажет диагностикалық ақпараттар алынды. Мектептің психологтары жүргізген Говард Гарднердің интеллекті анықтау тестінің нәтижелері зерттеу жүргізуде басшылыққа алынды. Зерттеу жұмысының нәтижесі оқушылардың пән бойынша білімдерін қалыптастыруда зерттеушілік дағдысы кіріктірілген тапсырманы орындау сапасын жақсартуға оңды әсер еткенін көрсетті.

Тірек сөздер: кіріктірілген тапсырмалар, HertsCam, концептуалды карта, диагностикалық тест.

(PDF)