Home - Archives - Bulletin Dulaty University - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2023-1 - Алоэ экстрактын дайындау технологиясы

Алоэ экстрактын дайындау технологиясы

Автор: Г.К. Зияева, Зульфахми, Ғ.Е. Жорабек
Бет 154-161

https://doi.org/10.55956/WNFV2601

Аңдатпа. Ерте кезден өсімдікті адамзат тек тағамдық мақсатта ғана пайдаланбады, яғни өсімдіктерді дертке шипа, дәрілік мақсатта да тұтынды. Бүгінде дәрі-дәрмектердің 40% - ы өсімдіктерден алынады. Мәселен, жүрек ауруына қарсы дәрі-дәрмектердің 70%, ішек, бауыр ауруларына қарсы дәрі-дәрмектердің 75%, жатыр ауруларына қарсы дәрі-дәрмектердің 80%, қақырық түсіретін дәрілердің 80%, жүрек ауруына қарсы дәрі-дәрмектердің 65%, бауыр ауруларына қарсы дәрідәрмектердің 75%, қан тоқтататын препараттардың 65% тек өсімдіктерден алынады. Аталған көрсеткіштер өсімдіктердің адам өміріндегі маңыздылығын сипаттайды. Мақалада дәрілік мақсатта үлкен маңызға ие және жиі пайдаланылатын өсімдік– ағаш тәрізді алоэның табиғи шикізаты жапырағынан экстракт дайындау технологиясы ұсынылды. Сонымен бірге ағаш тәрізді алоэның ботаникалық ерекшеліктеріне, таралу аймағына және химиялық құрамына сипаттама берілді.

Тірек сөздер: ағаш тәрізді алоэ (Aloe arborescens Mill.), дәрілік өсімдік, алоэ экстракты, хроматография әдісі, химиялық құрам.

(PDF)