Home - Archives - Bulletin Dulaty University - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2023-1 - Медиадағы бала образының репрезентациясына шолу

Медиадағы бала образының репрезентациясына шолу

Автор: К. С. Жубандыков
Бет 108-115

https://doi.org/10.55956/WQSN1504

Аңдатпа. Бала туралы ақпарат таратқанда негативті көңіл-күй позитивтіден әлдеқайда көп ұсынылады. Сондықтан медиөнім дайындау барысында бала құқығы мәселесіне жіті назар аударылып, жауапкершілікті толықтай сезіну қажет. Өйткені бала құқығының бұзылуына тек қана құқықтық нормалардың бұзылуы ғана емес, олардың негативті образдарда беріліп, медиадағы бала репрезентациясының стереотиптер шырмауынан шыға алмай қалғандығы да жатады. Бала — жеке тұлға. Сондықтан медиа беттерінде оларды тек қана жәбірленушілер, үнсіздер секілді үстіртін образдарда көрсетуден аулақ болып, олардың БАҚ-тағы имиджін көтеруге ұмтылу керек. Мақалада осы мәселенің қаншалықты өзекті екеніне баға беру үшін халықаралық тәжірибеге шолу жасап, талдап, зерттейтін боламыз.

Тірек сөздер: бала, бала образы, бала құқығы, этика, репрезентация, стереотиптер.

(PDF)