Home - Archives - Bulletin Dulaty University - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2023-1 - Абай шығармаларындағы «Ғылым» концепті: когнитивті-прагматикалық ерекшелігі

Абай шығармаларындағы «Ғылым» концепті: когнитивті-прагматикалық ерекшелігі

Автор: Б.Қ. Қамызанова, А.Салқынбай
Бет 90-98

https://doi.org/10.55956/JTCT5579

Аңдатпа. Қазіргі тіл білімі жүйесінде концептология ілімінің маңызы мен мәні айрықша.Тіл білімінде концептілердің түрлері сан алуан. Олар тілдің құрылымдық, мағыналық жүйесінде көптеген ерекшеліктерге ие. Сондай концептілердің бірі – ғылым концептісі. Мақалада Абай шығармаларындағы ғылым концептісінің тілтанымдық және қолданбалы қырлары ашылып, соған сәйкес нақты мысалдар арқылы оның ерекшеліктері, мағыналық түрлері айқындалды. Сондай-ақ, Абай шығармаларындағы «ғылым» сөзіне қатысты сөз тіркестері, ғылым ұғымын ашатын лексика-грамматикалық категориялар, логикалық, когнитивтік ұғымдардың қолданысы талқыланды. Мақалада Абай туындыларындағы ғылым ұғымын айшықтай түсетін тілдік категориялар өзге ғылым салаларымен, нақтырақ айтқанда, философия, әлеуметтану, әдебиеттану ғылымдарымен байланыста талқыланды. Ұлы ақынның қарасөздеріндегі логикалық пайымдаулар мен түсіндірмелердің когнитивтіпрагматикалық ерекшелігі талданды. Сол секілді ақын өлеңдеріндегі сөз қолданыстарының, сөз тіркестерінің мазмұндық жүгі, семантикалық өрісі, түрлену ерекшеліктері айшықталды. «Ғылым» ұғымын айшықтаудағы Абайдың тілдік қолданысын моральдық-этиккалық қағидаттарға сәйкес саралау арқылы ғылым ұғымының концептуалдық өрісі ашылды. Абай шығармаларының негізгі басты өзегі – ғылым. Сол үшін де Абай шығарамаларындағы ғылым концептісін тілтанымдыққолданбалылық ерекшелігіне сай талдау мақаланың басты өзектілігі болып табылады.

Тірек сөздер: концепт, когнитология, прагматика, ғылым, семантика, сөз тіркесі, мораьдық этика, фрейм, супиндік мағына.

(PDF)