Шешендік өнердің поэтикасы

Автор: Т.Р. Әбдіқадырова, К.Б. Қанат
Бет 77-83

https://doi.org/10.55956/FGEU6234

Аңдатпа. Адамзат өркениетінің ажырамас бөлігіне айналған шешендік өнер туралы құнды жәдігерлер қоры мол. Ендігіде бұл бағыт бойынша ортақ ғылыми кеңістік құру өзектілікті туындатып отыр. Мақалада дәл осы мәселеге қатысты шешендік өнердің жаңа өрісіне негіз болар ғылыми көзқарастарға талдау жасалынды. Шешендік өнер ғылымының методологиялық әдіснамасы А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, М.Балақаев, Н.Уәли, Ә.Мәметова, Р.Сыздық, Б.Адамбаев, Ә.Қоңыратбаев, С.Негимов сынды зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде даму эволюциясы арқылы жіті зерттелген. Сондай – ақ, шешендік өнер классификациясын жаңа дәуірде зерттеп жүрген профессор Дина Әлкебаева мен ғалым Сәуле Ержанованың зерттеулері мақала мазмұнына арқау болды. Сөз мәдениетінің ғылыми аспектілерін жілік – жілігімен қарастырған С.Ержанованың «Сөз мәдениеті және көркем мәтін» еңбегі назарға алына отырып, шешендік өнерді зерттеуші ғалымдар турасында өзіндік тұжырым жасалынды. Нәтижесінде, тілдік әрекеттер мен сөздік қатынастардың жүйелілін арттыру үшін шешендіктану ғылымын зерттеу қажеттілігі дәлелденді.

Тірек сөздер: шешендік өнер, сөз мәдениеті, көркем мәтін, сөйлеу әрекеті, тілдік қатынас, риторика, шешендіктану.

(PDF)