Home - Current issue - Mechanics & Technologies - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-4 - Мұздың фазалық диаграммасын физика-химиялық талдауларды қолданып зерттеу

Мұздың фазалық диаграммасын физика-химиялық талдауларды қолданып зерттеу

Автор: Т. Бижигитов, Э. Мадалиева
Бет 328-335

https://doi.org/10.55956/BEXW8184

Аңдатпа. Мақалада мұздың жоғары (0-2500) МПа қысым мен төменгі (90-250) К температурадағы Р-Т координатасындағы фазалық диаграммасына физикохимиялық талдаулар жасалды. 2500 МПа қысымда және 90 К температурадан 250 К температураға дейін мұздың фазалық диаграммасын зерттеу мақсатында жоғары қысымды поршень – цилиндр типті камераның құрылымы есептелініп жасалды. Камераның беріктілігін арттыру мақсатында концентрлі үш қабаттың термоөңдеуден өткен цилиндірлер бір-біріне қыздырылып күшпен кигізілді. Зерттелетін мұздағы қысымды анықтау ішінде орналасқан (Sn) қалайы мен (Ga) галийдің электрлік кедергісін өлшеу арқылы жүзеге асырылды. Үлгіде орналасқан мыс-константан терможүйенің көмегімен оның температурасын бақылап отырдық. Фазалық түрленулердегі көлемнің өзгерісін өлшеу үшін арнайы сызықты орын ауыстыруды электр импульстеріне айналдыратын түрлендіргішті қолдандық. Фазалық түрлену кезіндегі меншікті көлемнің өзгерісін ескеріп, фазалық диаграммаға физикохимиялық талдаулар жасау энтропияның (∆S), энтальпияның (∆J), ішкі энергияның (∆W) өзгерістермен екі фазаның тепе-теңдік көлбеулік бұрышының тангенсін анықтауға мүмкіндік туғызады.

Тірек сөздер: физико-химиялық сипаттамалық функциялар, поликристалл, бірінші текті фазалық түрлену.

Бижигитов, Т. Мұздың фазалық диаграммасын физика-химиялық талдауларды қолданып зерттеу [Мәтін] / Т. Бижигитов, Э. Мадалиева //Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №4(86). – Б.328-335. https://doi.org/10.55956/BEXW8184

(PDF)