Home - Current issue - Mechanics & Technologies - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-4 - Шайырлар. Госсипол шайырының пиролизі
Шайырлар. Госсипол шайырының пиролизі
https://doi.org/10.55956/RDOT4107
Аңдатпа. Мақалада шайырлар туралы қысқаша шолу, яғни шайырлардың түрлері, олардың шығу тегі мен өндірісте және технологияда қолданылуы берілген. Сонымен қатар госсипол шайырының физика-химиялық қасиеттері келтірілген. Майлау процесінде коррозияға қарсы агенттер және қоспалар ретінде госсипол шайыры қолданылады. Госсипол шайырының пиролизі 100-500℃ температура диапазонында термиялық өңдеумен зертханалық тәжірибелік қондырғыда жүргізілді. Госсипол шайырының құрамы ИҚ-спектрометрия және сканерлеуші электронды микроскопия көмегімен анықталды. Госсипол шайырының негізінен төрт күрделі фракциямен бөлінетін қоспалардан тұратыны байқалды. Біріншісі – сулы, екіншісі – май қышқылдарының фракциялары, үшіншісі – құрамында азот бар циклдік пиридин және транс-изомерлер, ал төртіншісі – фаза.
Тірек сөздер: пиролиз, госсипол шайыры, спектрометрия, компоненттер, микроскопия.
Акилов, Т.Қ. Шайырлар. Госсипол шайырының пиролизі [Мәтін] / Т.Қ. Акилов, А.М. Азимов, Н.Н. Исабаев, Т.А. Иманғалиев, Н.М. Дәуренбек, Б.Б. Туракулов //Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №4(86). – Б.319-327. https://doi.org/10.55956/RDOT4107