Home - Current issue - Mechanics & Technologies - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-3 - Өсімдік негізіндегі ет алмастырғыштан жасалған жартылай ысталған шұжықтың аминқышқылдары мен май қышқылдарының құрамын зерттеу
Өсімдік негізіндегі ет алмастырғыштан жасалған жартылай ысталған шұжықтың аминқышқылдары мен май қышқылдарының құрамын зерттеу
https://doi.org/10.55956/ZZIV9315
Аңдатпа. Мақалада өсімдік негізіндегі ет алмастырғыштан жасалған жартылай ысталған шұжықтың органолептикалық көрсеткіштері, ақуыз бен майдың массалық үлесі, аминқышқылдарының және май қышқылдарының құрамы зерттелді. Жартылай ысталған шұжыққа қолданатын өсімдік шикізаты ретінде соя мен ноқат таңдалынып алынды және органолептикалық бағалау нәтижесінде олардың оңтайлы қатынасы (70:30) анықталды. Соя мен ноқаттың құрамы басқа бұршақ тұқымдастарына қарағанда ақуыздың мөлшерінің көптігімен ерекшеленеді. Осы өсімдік тектес өнімдерден дайындалған жартылай ысталған шұжықтың ақуызының мөлшері бақылау үлгісімен салыстырғанда екінші үлгіде 15,76%, үшінші үлгіде 14,77%, төртінші үлгіде 11,07%, бесінші үлгіде 9,98% жоғары екендігі анықталды. Сәйкесінше аминқышқылдарының құрамы да, атап айтқанда, аспарагин қышқылы, аргинин, фенилаланин, валин, метионин, треонин, лейцин лизин бақылау үлгісімен салыстырғанда 61,24%-ға, 28%- ға, 24,8%-ға, 25%-ға, 15,58%-ға, 14,28%-ға, 4,13 есе, 5,39 есе артық екендігі зерттелді. Бұл өнімді биологиялық құнды және ақуызға бай өнім ретінде санауға болатынын көрсетеді.
Тірек сөздер: ет алмастырғыш, өсімдік шикізаты, жартылай ысталған шұжық, аминқышқылдарының құрамы, май қышқылдарының құрамы, соя, ноқат.
Желеуова, Ж.С. Өсімдік негізіндегі ет алмастырғыштан жасалған жартылай ысталған шұжықтың аминқышқылдары мен май қышқылдарының құрамын зерттеу [Мәтін] / Ж.С. Желеуова, Э.Т. Кансейтова, А.Р.Тасполтаева, А.С. Балабекова, Г.Е. Қоштаева // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №3(85). – Б.115-127. https://doi.org/10.55956/ZZIV9315