Home - Current issue - Bulletin Dulaty University - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2024-2 - Балық дернәсілдерін өсіру үшін оңтайлы қорек ресурсы ретінде артемияларды өндіру

Балық дернәсілдерін өсіру үшін оңтайлы қорек ресурсы ретінде артемияларды өндіру

Автор: М.Б. Садыкова

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан
Бет 246-254

https://doi.org/10.55956/NJTE1112

Аңдатпа. Аквакультурада Артемияларды балық шабақтары үшін оңтайлы қоректік ресурс ретінде пайдалану өсіп келе жатқан қызығушылықтың нысаны болып табылады.Артемияларды қолданудың артықшылықтарына оның бақыланатын жағдайларда жаппай өсіру мүмкіндігі, мұздатылған түрінде ұзақ уақыт сақтау мүмкіндігі және қоршаған ортаның сыртқы жағдайларына төзімділігі жатады.Шаянтәріздестерге жататын артемиялар – балық дернәсілдерінің сау дамуы үшін қажетті ақуыздың, майдың, дәрумендер мен минералдардың бай көзі.Құрамында қанықпаған май қышқылдары, омега-3 және омега-6 көп болғандықтан, шабақтарда сау иммундық жүйенің дамуына ықпал етеді, бұл көптеген аурулар қаупін азайтады.Олардың кішкентай мөлшері мен қозғалғыштығы өсіру үшін қолжетімді етеді, бұл жоғары сапа деңгейін қамтамасыз етеді және жем шығынын азайтады. а Зерттеу нәтижелері шаянтәріздестерді балық өсіру үшін негізгі қорек көзі ретінде пайдалану шабақтар тіршілігін, өсуін және денсаулығын жақсартуға ықпал ететінін көрсетеді. Бұл оларды аквакультурада табысты әрі балық өсіру үшін оңтайлы ресурс етеді.Осы саладағы қосымша зерттеулер балық өсірудің тиімдірек етуге ,тәжірибеледің дамуына және аквакультура индустриясының жалпы әлеуетінің жақсаруына әкелуі мүмкін.Бұл мақала Артемияларды қолданудың артықшылықтарын, оның биологиялық құндылығын, өсірудің қарапайымдылығын және әр түрлі балық дернәсілдерінің қоректенуіндегі әмбебаптығын қарастырады.Артемияларды өсірудің әртүрлі әдістері мен технологиялары, сондай-ақ оларды балық дернәсілдерінің түрлерін өсіруде қолданылуы талданады. Балық дернәсілдерінің максималды өсуі мен азықтандыру жағдайларын оңтайландыруға ерекше назар аударылады.

Тірек сөздер: аквакультура, Артемия, қоректік ресурс, балық дернәсілдерін өсіру, тіршілікке қабілеттілік, тағамдық құндылық, өсіру технологиясы, өндіріс.

(PDF)