Home - Current issue - Bulletin Dulaty University - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2024-2 - Болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда сапалық дағдыларын дамытудың психологиялық тиімділігі

Болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда сапалық дағдыларын дамытудың психологиялық тиімділігі

Автор: А.Н.Көшербаева1, Л.А.Алпысбай2

1,2Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Бет 160-167

https://doi.org/10.55956/DHMA4610

Аңдатпа. Мақала еліміздегі жоғары оқу орындарындағы болашақ педагогтарды кәсіби даярлау жүйесіне негізделіп, тұжырымдалған.Қазіргі таңда тәуелсіз еліміз – ұлттық құндылықтар негізінде білім берудің өзіндік жүйесін құрастырып, оның озық үлгісін таратуда сапаны қаматамасыз ететін замануи технологияларды, әдіс-тәсілдерді незіге ала отырып оның даму мүмкіндіктерін қалыптастыру. Қазақстанның Лиссабон декларациясына қол қойып және Болон процесіне қатысуы әлемдік білім беру кеңістігіндегі өзіндік орнын білдіреді. Бұл елісміздегі білім беру сапасын арттыру мен технологиялық жетістіктерді айқындайтын жаһандық талаптарға сай оқыту процесінің қарқынды дамуына ықпал етеді. Заманның талабына сай педагогика ғылымы мен білім беру жүйесіндегі озық тәжірибенің өзекті мәселелерінің бірі ХХІ ғасырдың өскелең ұрпағына тәлім-тәрбие берудің басым бағыттарын айқындау мен тиімді жолдарын ұсыну болып табылады. Болашақ педагогтарды кәсіби даярлау жүйесінде олардың сапалық дағдылары қоғамдық үдерістерге сай болуы керек. Өзгермелі заман талаптарына сай тәуелсіз еліміздің нарық экономикасына көшуіне байланысты бәсекеге қабілеттіліктің негізгі критерилері болашақ мұғалімдердің білім, білі, іскерлік дағдыларымен бірге заманауи сапаларының болуын да міндеттейді.Осы орайда мақалада болашақ педагогтарды кәсіби даярлау жүйесінде сапалық дағдыларын дамытудың өзектілігі мен ұстанымдары, ерекшеліктері мен ұтымдылығы ғылыми талдаулар негізінде тұжырымдалған.

Тірек сөздер: болашақ педагог, кәсіби даярлау, психологиялық тиімділігі, жоғары оқу орны, сапа, дағды, оқу үрдісі.

(PDF)