Home - Archives - Mechanics & Technologies - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-2 - Әртүрлі жарма қосылған көкөніс дәмтағам консервілерінің микрофлорасын зерттеу
Әртүрлі жарма қосылған көкөніс дәмтағам консервілерінің микрофлорасын зерттеу
https://doi.org/10.55956/UHBJ9355
Аңдатпа. Біздің планетамыздағы экологиялық жағдайдың нашарлауы және радионуклидтермен, улы химиялық қосылыстармен, биологиялық агенттермен, микроағзалармен тамақ өнімдерінің ластану деңгейі халықтың денсаулығының жағымсыз тенденцияларының өсуіне ықпал етеді. Көптеген елдерде ұлт денсаулығының негізгі факторларының бірі ретінде тамақтану құрылымы мен сапасын жақсартуға көбірек көңіл бөлінуде. Озық технологияларды енгізу және көкөніс дәмтағам консервілері өндірісінің көлемін ұлғайту, дайын өнімнің жеткілікті стерильділігін қамтамасыз ете отырып, жоғары температуралы зарарсыздандыру режимдерін төмендету мақсатында табиғи компоненттер негізінде жаңа консерванттарды пайдалану бойынша бірқатар шараларды жүзеге асыру қажет. ХХІ ғасыр дәуірінде ең перспективалы және дамып келе жатқан бағыт – тез тамақтандыру индустриясы. Қазіргі уақытта «жылдам дайындалатын» өнімдердің ассортиментін сүт, кондитерлік өнімдер, ет өнеркәсібі кәсіпорындары шығарады, бірақ көкөніс консервілері өндірісінде бұл өнімдердің спектрі өте аз және пісіру үшін қосымша құралдарды қажет етеді. Жеміс-көкөніс өнімдері витаминдердің, минералдардың, аминқышқылдарының, тағамдық талшықтардың және басқа да пайдалы заттардың маңызды көзі болып табылады. Оларды үнемі қолданған кезде метаболизм мен қан құрамы қалыпқа келеді, организм токсиндерден, канцерогендерден және улы заттардан тазартылады, жүрек-тамыр жүйесінің құрамы, ас қорыту жүйесінің қызметі жақсарады. Шетелдік тұтыну нарығында табиғи негіздегі консерванттар кеңінен қолданылады, ал Қазақстан нарығында бұл өнімдер даму сатысында. Консерванттың тиімділігі оның қоршаған ортаның рН концентрациясына, микрофлораның сапалық құрамына байланысты. Консервант ретінде иодинол (қышқылда еритін және суда еритін) алынды. Оның ерітінділерін қолдану дайын өнімнің сақтау мерзімін ұзартуға, зарарсыздандыру режимін төмендетуге және дайын өнімдегі табиғи қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді.
Тірек сөздер: консерванттар, иодинол, саңырауқұлақ, микроағзалар, хитозан, дилактин, лактоферрин, зеңдер.
Сенгирбекова, Л.К. Әртүрлі жарма қосылған көкөніс дәмтағам консервілерінің микрофлорасын зерттеу [Мәтін] / Л.К. Сенгирбекова, Л.С. Сыздықова, А.Н. Серикбаева, Г.Ш. Джумабекова // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №2(84). – Б.64-72. https://doi.org/10.55956/UHBJ9355